Жаңаарқа ауданының мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 21/148 "Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 27/185 шешімі. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8/60 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8/60 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 сәуірдегі №21/148 "Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Жаңаарқа ауданның Қызылжар кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасында:

      2 тараудағы 3, 7, 8, 10 тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге бөлінеді.

      7. Кент шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Қызылжар кентінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаарқа ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа аудандық маслихат хатшысы Ө. Уалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады