"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы № VII - 26/202 Шешіміне 1 қосымша |
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді, және Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылы, Жаңажол ауылы, Саумалкөл станциясы (бұдан әрі - Қаршығалы ауылдық округі) көшелерінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді белгілейді.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Қаршығалы ауылдық округінің аумағы көшелерге бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден бір адамнан Қаршығалы ауылдық округінің көшелерінің өкілдері сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаршығалы ауылдық округінің әкімі (бұдан әрі- Қаршығалы ауылдық округінің әкімі) шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы Қарағайлы кенті әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Олардың тұратын жерлері шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Қаршығалы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 1 тармағына сәйкес Қаршығалы ауылдық округінің аумағында тұратын, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Қаршығалы ауылдық округінде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қаршығалы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Қаршығалы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қаршығалы ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қаршығалы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы № VII - 26/202 Шешіміне 2 қосымша |
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаршығалы ауылдық округінің Көктас ауылы, Жаңажол ауылы, Саумалкөл станциясы көшелері тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Көктас ауылы, Жаңажол ауылы, Саумалкөл станциясы көшелерінің атауы | Көше өкілдерінің саны |
Көктас ауылы | ||
1 | Гагарин көшесі | 1 |
2 | Тельман көшесі | 1 |
3 | Абай көшесі | 1 |
4 | Молодежная көшесі | 1 |
5 | Новая көшесі | 1 |
6 | Заготзерно көшесі | 1 |
7 | Жаңажол ауылы, Жаңажол көшесі | 1 |
8 | Саумалкөл станциясы, Саумалкөл көшесі | 1 |
Жиыны | 8 |