Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 256 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 13/122 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 17.11.2023 № 13/122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабы 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"27" шілдедегі
№ 256 шешіміне 1-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі Сенокосное ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округі Сенокосное ауылы (одан әрі - Сенокосное ауылы) көшелерінің тұрғындарына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Сенокосное ауылының аумағы көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер болып бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын Сенокосное ауылы көшелерінің өкілдері сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қарағанды облысы Осакаров ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімі (одан әрі - Қаратомар ауылдық округінің әкімі) шақырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер Қаратомар ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.

      7. Көше үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Қаратомар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Сенокосное ауылының аумағындағы көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Сенокосное ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің), көшелердің кемінде он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Қаратомар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Қаратомар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Сенокосное ауылының көшесі өкілдерінің үміткерлерімен Қарағанды облысы Осакаров ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:

      1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;

      2) көше шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Осакаров аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
"27" шілдедегі
№ 256 шешіміне 2-қосымша

Қарағанды облысы Осакаров ауданының Қаратомар ауылдық округі Сенокосное ауылы көшелерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Сенокосное ауылы көшелерінің атауы

Көше өкілдерінің саны

1

Айнабұлақ көшесі

2

2

Кенесары көшесі

2

3

Ыбырай Алтынсарин көшесі

2

4

Абай Құнанбаев көшесі

3

5

Алтын Орда көшесі

2

6

Әл-Фараби көшесі

1

7

Абылай хан көшесі

2

8

Қазыбек би көшесі

2

9

Ұлы дала көшесі

1

10

Тұмар көшесі

1


Барлығы

18


Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества

Решение Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 27 июля 2022 года № 256. Утратило силу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 17 ноября 2023 года № 13/122

      Сноска. Утратило cилу решением Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 17.11.2023 № 13/122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата К. Саккулаков

  Приложение 1
к решению Осакаровкого
районного маслихата
от "27" июля 2022 г
№ 256

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области разработан в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливает проведение раздельного схода местного сообщества жителей села Сенокосное Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области (далее - села Сенокосное).

      2. В настоящем Порядке используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория села Сенокосное подразделяется на улицы.

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители улиц села Сенокосное для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества сала Сенокосное созывается акимом Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области (далее- аким Каратомарского сельского округа).

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Каратомарского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными не противоречащими закону способами через интернет- ресурсы, мобильные или домашние сети связи, мессенджеров мобильных приложений.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улицы села Сенокосное организуется акимом Каратомарского сельского округа.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей улицы на территории села Сенокосное имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), улиц проживающих в селе Сенокосное и имеющих право в нем участвовать.

      Не имеют права участвовать в раздельном сходе местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Каратомарского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Каратомарского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей улицы села Сенокосное для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Осакаровского района Карагандинской области.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Каратомарского сельского округа.

      В протоколе раздельного схода местного сообщества указывается:

      1) дата и место проведения раздельного схода местного сообщества;

      2) общее число жителей в пределах улицы и имеющих право участвовать в раздельном сходе местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря раздельного схода местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2
к решению Осакаровского
районного маслихата
от "27" июля 2022 года
№ 256

Количественный состав представителей жителей улиц села Сенокосное Каратомарского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области

Наименование улицы села Сенокосное

Количество представителей улицы

1

улица Айнабұлақ

2

2

улица Кенесары

2

3

улица Ыбырая Алтынсарина

2

4

улица Абая Құнанбаева

3

5

улица Алтын Орда

2

6

улица Әл-Фараби

1

7

улица Абылай хана

2

8

улица Қазыбек би

2

9

улица Ұлы Дала

1

10

улица Тұмар

1


Итого

18