Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 04.07.2023 № 5/36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3552 болып тіркелген) 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы Қарақия аудандық мәслихатының хатшысымен кадр қызметі жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы Қарақия аудандық мәслихатының хатшысымен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. Қалаубай |