Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 шілдедегі № 5/36 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 шілдеде № 4584-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2023 жылғы 4 шілдедегі
  № 5/36 шешіміне қосымша

Қарақия аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3552 болып тіркелген).

      2. Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 14/135 "Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

      3. Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 3/23 "Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/185 "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады