Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2021 жылғы 26 тамыздағы №7/53 шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Маңғыстау ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарында:
3 тармақта:
7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"7) осы Жоспардың 7 қосымшасына сәйкес, 2021-2022 жылдарға ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;";
келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) осы Жоспардың 8 қосымшасына сәйкес, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген схемасы (картасы) қамтылған.";
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 8 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы | А.Сарбалаев |