Маңғыстау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 7/53 "Маңғыстау ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 14/148 шешімі

      Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2021 жылғы 26 тамыздағы №7/53 шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      Маңғыстау ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарында:

      3 тармақта:

      7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) осы Жоспардың 7 қосымшасына сәйкес, 2021-2022 жылдарға ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі;";

      келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) осы Жоспардың 8 қосымшасына сәйкес, жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген схемасы (картасы) қамтылған.";

      осы шешімнің қосымшасына сәйкес 8 қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы А.Сарбалаев

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 5 қыркүйектегі
  №14/148 шешіміне қосымша
  Маңғыстау ауданы бойынша
  2021-2022 жылдарға арналған
  жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі
  жоспарға 8-қосымша

Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген схемасы (картасы)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады