"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 14 наурыздағы | |
№ 112 қаулысымен | |
бекітілген |
"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) денсаулық сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқармада осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтанбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мiндеттерi мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
3) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы салааралық ынтымақтастықты дамыту.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда қорғауды заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және жүзеге асыру;
денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде Қостанай облысының аумағындағы мәселелерді шешу, дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу;
Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен ақпаратты сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
Басқарма қызметінің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші және сараптамалық органдар ретінде кеңестер мен комитеттерді құру және олар туралы ережелерді бекіту, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда бюджет қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың дұрыстығына, тиімділігіне тексеріс жүргізу;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға адамдардың құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
3) Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды ұстауды бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
5) салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
7) медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында облыстық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;
8) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;
9) халықтың денсаулық сақтау мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
10) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
11) тегін медициналық көмектің және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүруді төлейді;
12) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;
13) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
14) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөнінде шаралар қабылдайды;
15) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
16) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
17) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
18) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді, ұйымдастырады және үйлестіреді;
19) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
20) халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
21) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мен емделуін ұйымдастырады;
22) дәріханалары жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
23) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
24) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
25) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
26) профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны олардың тиімділігін бағалай отырып ұйымдастырады және жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағында, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарында дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
27) ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды амбулаториялық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
28) органдардың (органның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бір бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
29) уәкілетті органның келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді;
30) әскери қызмет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық куәландыру жүргізу үшін медициналық комиссиялардың құрамын әзірлейді және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
31) мектепке дейінгі ұйымдарды, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
32) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
33) "Үздік кәсіп иесі" номинациясын береді;
34) резидент-интерндерге және дәрігерлерге (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) тұратын орнын беруді және медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарында интерндер мен резидент дәрігерлерді орналастыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
35) медициналық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
36) денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын орындауды жүзеге асырады;
37) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралары мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
38) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
39) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
40) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
41) фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
42) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
43) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
44) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
45) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
46) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғаларда клиникалық базалар ұсынады;
47) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауды және қалыптастыруды ұйымдастырады;
48) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
49) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау, құмар ойындардың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру, консультациялық жұмысты жүзеге асырады;
50) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
51) статистикалық әдіснаманың талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауларды жүзеге асырады;
52) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
53) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік маңызы бар аурулар жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
54) уәкілетті органмен және денсаулық сақтау ұйымдарының байқау кеңесімен келісім бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады (бар болса);
55) халыққа профилактикалық егулерді ұйымдастырады және жүргізеді;
56) жазасын өтеуден босату үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі бойынша сотталғандарға медициналық куәландыруды жүргізу үшін арнайы медициналық комиссия құрады;
57) тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
58) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді әзірлейді және бекітеді;
59) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
60) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың түйінді топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
61) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 11.12.2023 № 530 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты Баскармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Осы Ереженің қосымшасында көрсетiлген Басқарма қызметкерлерiн, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшының орынбасарларын және бас бухгалтерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Басқарманың құрылымын, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
5) бірінші қол қою құқығы бар;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекетті органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қостанай | |
облысы әкімдігінің | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
мемлекеттік мекемесі | |
туралы ережеге | |
қосымша |
"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекелемердің тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 11.12.2023 № 530 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Құсмұрын селолық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 11.12.2023 № 530 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай жоғары медициналық колледжі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
5. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
6. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
7. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық балалар стоматологиялық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
8. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
9. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем стансасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
10. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық патологиялық-анатомиялық бюросы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
11. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
12. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
13. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "М. Қарабаев атындағы Қостанай облыстық оңалту орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
14. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық қан орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
15. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қашар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
16. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
17. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық офтальмологиялық көп бейінді ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
18. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қалалық онкологиялық көп бейінді ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
19. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
20. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 2 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
21. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 3 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
22. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай қаласының № 4 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
23. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық өңірлік ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
24. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Арқалық өңірлік емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
25. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Лисаков қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
26. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық көп бейінді ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
27. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Рудный қалалық емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
28. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Алтынсарин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
29. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Аманкелді аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
30. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
31. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Денисов аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
32. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жангелдин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
33. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жітіқара аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
34. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
35. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қарасу аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
36. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қарабалық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
37. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
38. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Меңдіқара аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
39. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Науырзым аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
40. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Октябрь селолық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
41. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сарыкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
42. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бейімбет Майлин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
43. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
44. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Федоров аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
45. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық арнайы медициналық құралдармен қамтамасыз ету базасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
46. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Дельфин" Қостанай сәбилер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
47. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Орталық нерв жүйесі органикалық зақымданған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған сәбилер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.