Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 112 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 530 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы № 112 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Функциялары:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға адамдардың құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      3) Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды ұстауды бақылауды жүзеге асырады;

      4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;

      5) салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;

      6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      7) медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында облыстық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;

      8) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды;

      9) халықтың денсаулық сақтау мәселелері бойынша ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      10) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      11) тегін медициналық көмектің және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүруді төлейді;

      12) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуіне бақылауды ұйымдастырады;

      13) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

      14) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөнінде шаралар қабылдайды;

      15) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

      16) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен тегін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      17) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      18) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді, ұйымдастырады және үйлестіреді;

      19) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;

      20) халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;

      21) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мен емделуін ұйымдастырады;

      22) дәріханалары жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      23) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;

      24) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      25) туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;

      26) профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны олардың тиімділігін бағалай отырып ұйымдастырады және жүргізеді (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағында, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарында дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);

      27) ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды амбулаториялық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;

      28) органдардың (органның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бір бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      29) уәкілетті органның келісімі бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді;

      30) әскери қызмет мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық куәландыру жүргізу үшін медициналық комиссиялардың құрамын әзірлейді және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

      31) мектепке дейінгі ұйымдарды, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      32) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

      33) "Үздік кәсіп иесі" номинациясын береді;

      34) резидент-интерндерге және дәрігерлерге (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) тұратын орнын беруді және медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарында интерндер мен резидент дәрігерлерді орналастыру үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

      35) медициналық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйымдастырады;

      36) денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын орындауды жүзеге асырады;

      37) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралары мен шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      38) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      39) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

      40) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      41) фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      42) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

      43) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

      44) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      45) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

      46) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғаларда клиникалық базалар ұсынады;

      47) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауды және қалыптастыруды ұйымдастырады;

      48) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;

      49) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, репродуктивті денсаулығын сақтау және отбасын жоспарлау, құмар ойындардың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру, консультациялық жұмысты жүзеге асырады;

      50) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

      51) статистикалық әдіснаманың талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауларды жүзеге асырады;

      52) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

      53) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік маңызы бар аурулар жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      54) уәкілетті органмен және денсаулық сақтау ұйымдарының байқау кеңесімен келісім бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады (бар болса);

      55) халыққа профилактикалық егулерді ұйымдастырады және жүргізеді;

      56) жазасын өтеуден босату үшін негіз болып табылатын аурулар тізбесі бойынша сотталғандарға медициналық куәландыруды жүргізу үшін арнайы медициналық комиссия құрады;

      57) тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      58) тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді әзірлейді және бекітеді;

      59) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

      60) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың түйінді топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      61) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      көрсетілген Ереженің қосымшасында 3-тармақ алынып тасталсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етсін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады