Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 05.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 6 қыркүйектегі | |
№ 152 шешіміне | |
қосымша | |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 2 шілдедегі | |
№ 44 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Көшенің атауы | Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Родина ауылының тұрғындары үшін | 46 |
Абай, Иманов көшелері | 2 |
Амангелді көшесі | 3 |
Әуезов, Баймағамбетов, Желтоқсан көшелері | 3 |
Байтұрсынов, Ленин көшелері | 2 |
Гагарин көшесі | 3 |
Жамбыл, Жандосов көшелері | 3 |
Космонавтов көшесі | 3 |
Мәметова, Степная көшелері | 3 |
Мир көшесі | 3 |
Молдағұлова көшесі | 2 |
Молодежная, Строителей көшелері | 3 |
Наурыз көшесі | 2 |
Озерная, Приозерная көшелері | 3 |
Северная көшесі | 2 |
Советская көшесі | 2 |
Целинная, Пионерская көшелері | 2 |
Энергетиков көшесі | 3 |
Энтузиастов көшесі | 2 |
Мирный ауылы тұрғындары үшін | 3 |
Барлығы | 49 |