Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2021 жылғы 2 шілдедегі № 44 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 48 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 05.10.2023 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 06.09.2022 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласының Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Ерденов
      Мәслихат хатшысы Г. Елтебаева

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 2 шілдедегі
  № 44 шешіміне
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 12.04.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 12.04.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Родина ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Родина ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Родина ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Родина ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Родина ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Родина ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын қала мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Родина ауылдық округінің әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2021 жылғы 2 шілдедегі
  № 44 шешіміне
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 12.04.2022 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай облысы Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 06.09.2022 № 152 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Көшенің атауы

Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Родина ауылының тұрғындары үшін

46

Абай, Иманов көшелері

2

Амангелді көшесі

3

Әуезов, Баймағамбетов, Желтоқсан көшелері

3

Байтұрсынов, Ленин көшелері

2

Гагарин көшесі

3

Жамбыл, Жандосов көшелері

3

Космонавтов көшесі

3

Мәметова, Степная көшелері

3

Мир көшесі

3

Молдағұлова көшесі

2

Молодежная, Строителей көшелері

3

Наурыз көшесі

2

Озерная, Приозерная көшелері

3

Северная көшесі

2

Советская көшесі

2

Целинная, Пионерская көшелері

2

Энергетиков көшесі

3

Энтузиастов көшесі

2

Мирный ауылы тұрғындары үшін

3

Барлығы

49

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады