Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округтің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2020 жылғы 27 тамыздағы № 320 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9429 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округтің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Есмұханов |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы "26" қыркүйектегі | |
№ 119 шешіміне | |
1 қосымша |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 Бөлім. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2021 жылғы "26" қыркүйектегі | |
№ 119 шешіміне | |
2 қосымша | |
Мәслихаттың | |
2020 жылғы "27" тамыздағы | |
№ 320 шешіміне | |
қосымша |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округтің Докучаевка ауылының тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округтің Шоқай ауылының тұрғындары үшін | 2 |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округтің Ілияс Омаров атындағы ауылдың тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округтің Жанасу ауылының тұрғындары үшін | 2 |