Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 123 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 15.09.2023 № 50 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округі бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық аудандық мәслихатының хатшысы А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Станционный ауылдық

      округінің әкімі

      ________________ Б. Жакаев

      2022 жылғы "__" __________

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 123 шешіміне
  1-қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Станционный ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын Станционный ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы халықты Станционный ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты үздіксіз жария тарату арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді, Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда оған сәйкес уақыт туралы, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу орнына жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

      7. Ауылдар шегінде жергілікті қоғамдыстық бөлек жиынын өткізуді Станционный ауылдық округнің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдын, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдыстық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдыстықтың бөлек жиыны Станционный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Станционный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылары ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Станционный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 18 сәуірдегі
  № 123 шешіміне
  2-қосымша

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округі ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елдің мекенің атауы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Станционное ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Приуральское ауылының тұрғындары үшін

2

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Фадеевка ауылының тұрғындары үшін

2

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округінің Шадықсай ауылының тұрғындары үшін

2


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

Решение маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 18 апреля 2022 года № 123. Отменено решением маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 15 сентября 2023 года № 50

      Сноска. Отменено решением маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 15.09.2023 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Карабалыкский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Карабалыкского районного маслихата А. Тюлюбаев

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Станционного

      сельского округа

      _______________ Б. Жакаев

      "__" ___________ 2022 года

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от "18" апреля 2022 года
  № 123

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Михайловского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Станционного сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) сельского округа в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села, улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Станционного сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Станционного сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации и непрерывным публичным распространением массовой информации, включая интернет-ресурсы, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах сел организуется акимом Станционного сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих сел, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, улице и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Станционного сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Станционного сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Станционного сельского округа.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от "18" апреля 2022 года
  № 123

Количественный состав представителей жителей сел Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области для участия в сходе местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Михайловского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Станционное Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

3

Для жителей села Приуральское Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

2

Для жителей села Фадеевка Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

2

Для жителей села Шадыксаевка Станционного сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

2