Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 21.08.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Қажиев |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 15 сәуірдегі | |
№ 115 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Октябрь ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Октябрь ауылдық округінің әкімімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Октябрь ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Октябрь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Октябрь ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Октябрь ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 15 сәуірдегі | |
№ 115 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Өкілдерінің саны (адам) |
Октябрь ауылының тұрғындары үшін | 15 |
Киров көшесі | 1 |
Мичурин, Баймагамбетов көшелері | 1 |
С.КоролҰв, Байтурсынов көшелері | 1 |
С.Мельник, Горький көшелері | 1 |
Абай, Валиханов көшелері | 1 |
Ленин, В.Терешкова көшелері | 1 |
50 лет ВЛКСМ, Калинин көшелері | 1 |
Механизаторов, Школьная көшелері | 1 |
Пушкин, Парковая, Довгаль көшелері | 1 |
Амангельды, Октябрьская, Пряничников көшелері | 1 |
Набережная, Гагарин, Титов, Куйбышев көшелері | 1 |
Шевченко, Ватутин көшелері | 1 |
Садовая, 60 лет Казахстана көшелері | 1 |
Зеленая, Северная көшелері | 1 |
Железнодорожный ауылының тұрғындары үшін | 11 |
Воронежская көшесі | 1 |
Воронцовская көшесі | 1 |
Гагарин көшесі | 1 |
Горький көшесі | 1 |
Юбилейная көшесі | 1 |
МолодҰжная көшесі | 1 |
Степная көшесі | 1 |
Целинная көшесі | 1 |
Ленин, Новоленинская көшелері | 1 |
Московская, Комсомольская көшелері | 1 |
Новая көшесі | 1 |
Теректы ауылының тұрғындары үшін | 2 |
Жекеколь ауылының тұрғындары үшін | 2 |
Барлығы | 30 |