Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 22.12.2023 № 109 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | М. Сартов |
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 22 қыркүйектегі | |
№ 211 шешіміне | |
1-қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі - тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Айсары ауылдық округінің ауылдары, көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Айсары ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Ауыл, көшенің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдері сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Айсары ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Айсары ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет ресурстары арқылы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, көше шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Айсары ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Айсары ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Айсары ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және екі жұмыс күні ішінде Айсары ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Мәслихаттың | |
2022 жылғы 22 қыркүйектегі | |
№ 211 шешіміне | |
2-қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекен, көше атауы | Ауыл көшелерінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Айсары ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде: | |
30 лет Целины көшесі | 2 | |
Астана көшесі | 3 | |
Бірлік көшесі | 2 | |
Гагарин көшесі | 2 | |
Достық көшесі | 2 | |
Новая көшесі | 2 | |
О.Кошевой көшесі | 2 | |
Степная көшесі | 2 | |
Тәуелсіздік көшесі | 3 | |
Школьная көшесі | 2 | |
Юбилейная көшесі | 2 | |
2 | Қостомар ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде: | |
Гагарин көшесі | 2 | |
Крупская көшесі | 3 | |
Молодежная көшесі | 2 | |
Степная көшесі | 2 | |
Школьная көшесі | 2 | |
Энгельс көшесі | 3 | |
3 | Половниковка ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде: | |
Гагарин көшесі | 2 | |
Жумагулов көшесі | 1 | |
Животноводческая көшесі | 1 | |
Комсомольская көшесі | 1 | |
Ленин көшесі | 3 | |
Новая көшесі | 1 | |
Октябрьская көшесі | 1 | |
Парковая көшесі | 1 | |
Пионерская көшесі | 1 | |
Школьная көшесі | 1 | |
4 | Степное ауылының тұрғындары үшін, көшелер бөлінісінде: | |
Лесная көшесі | 1 | |
Мир көшесі | 1 | |
Новая көшесі | 1 | |
Степная көшесі | 1 |