"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жолдауын;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Бекбаев |
Әкімдіктің | |
2022 жылғы 11 сәуірдегі | |
№ 52 қаулысымен | |
бекітілген |
1. Жалпы ережелер
1. "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомствосы бар:
"Меңдіқара ауданы ішкі саясат бөлімінің "Меңдіқара ауданының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, № 5, индексі 111300.
10. Осы Ереже Бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімінің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсiпкерлiк субъектiлерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық карым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірісің егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің және аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес ауданда Бөлімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің ішкі саясатын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орындауын қамтамасыз ету және жүзеге асыру;
2) "Қазақстан– 2050" стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;
3) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті, азаматтық бірегейлік пен патриотизмді нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, қоғамды жаңғыртуға жәрдемдесу, аудандағы конфессияаралық және ұлтаралық келісімді реттеу;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында, халықтың оларды қолдану, орналастыру және пайдалану тұрғысынан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңын сақтау жөніндегі жұмысы;
5) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды үйлестіру;
6) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, ішкі саяси, конфессияаралық және этносаралық тұрақтылықты сақтауға бағытталған үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарымен, саяси партиялармен, жастар, этно-мәдени, діни бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу;
8) ұлттық және мемлекеттік мерекелерді, басқа да мерекелік іс-шараларды мерекелеу жөніндегі іс-шараларды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзгеде ұйымдармен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, Бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдармен өзгеде ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігі және (немесе) әкімінің шешімдері, өкімдері, қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
аудандағы қоғамдық-саяси жағдай, әлеуметтік-саяси үдерістер, этносаяси жағдай, конфессияаралық және этносаралық қатынастар мониторингі нәтижелері туралы әкімді және әкімдікті хабардар ету;
аудан әкімінің саяси партиялар, діни және қоғамдық бірлестіктер, қорлар өкілдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің және басшылығының қатысуымен іс-шаралар өткізу;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
15. Функциялары:
1) "Қазақстанның 2050" Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын, Рухани жаңғыру бағдарламасының және өзге де стратегиялық құжаттарын түсіндіру, насихаттау және іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарда халықтың оларды қолдану, орналастыру және пайдалану үшін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын сақтау бойынша мониторингті іске асыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құру үшін материалдарды жинау және дайындау;
3) мемлекеттік жастар саясаты және жастар арасындағы патриотизм мен азаматтылықты дамыту бойынша іс-шаралар кешенінің іске асырылуын үйлестіру, ауданның жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау;
4) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, бұқаралық ақпарат кұралдарымен өзара қарым-қатынас жасау, олардың "Бұқаралық ақпарат құралдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы;
5) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалының зерттелуі мен талдауы, аудандағы саяси-әлеуметтік үрдістерінің, этносаяси жағдайының, конфессияаралық және этноаралық қарым-қатынастарының мониторингін іске асыру, әлеуметтік желілерде және Меңдіқара ауданы әкімдігінің ресми сайтында түсіндірмелерге жедел жауап беру, ауданда қоғамдық-саяси ахуалының реттелуі, "Діни қызметі және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын, "Коммерциялық емес ұйымдар", "Қоғамдық бірлестіктер туралы", "Кәсіптік одақтар туралы", "Саяси партиялар", "Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау;
6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруын ұйымдастыру және үйлестіру, кеңестердің үкіметтік емес ұйымдарының, Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісімнің өзара қарым-қатынасы бойынша жұмыс;
7) Аналар кеңесінің отбасындағы төзімділік мәселелері, "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқаудағы аудандық турының жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссиясы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) Ұлттық және мемлекеттік мерекелер, басқа мерекелік іс-шараларды мерекелеу бойынша іс-шаралар өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
9) Бөлімінің құзыретіне кіретін ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттемелік жұмыстарды, басқа да мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып орындау.
3. Мемелекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөліміге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімінің бірінші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекемедегі жұмысты басқарады және жұмысты ұйымдастырады;
2) мемлекеттік мекемеге жүктелген функциялары мен мәселелерінің орындалуына жеке жауапкершілік артуда;
3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларға қолданылмай қалған әрекеттерге жеке жауапкершілікке артылады;
4) қызметтік құжаттамаға, бұйрықтарға қол қояды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де ұйымдардармен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік орган атынан өкілдік етеді;
5) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды, лауазымға тағайындап, лауазымдық міндеттемелерін реттейді;
6) заңнамамен белгіленген тәртіпте марапаттайды және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда мемлекеттік мекеме ретінде ұсынады;
8) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы занңамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлігі
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органның қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімінің ведомстволық бағынышты ұйым "Меңдіқара ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.