Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)", "облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға)" деген сөздер тиісінше "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі

      1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға түрінде құрылмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.

      2. Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы заңнамасы

      1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Ассамблеяның мақсаты

      Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері

      Ассамблеяның негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;

      3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

      4) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;

      5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

5-бап. Ассамблея қызметінің принциптері

      Ассамблея қызметінің принциптері:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

      2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдылығы;

      3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсітуге жол бермеушілік;

      4) Ассамблея мүшелерінің тең құқылығы және оның құрамындағы қызметі үшін дербес жауапкершілігі;

      5) жариялылық болып табылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары

      Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары:

      1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

      2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;

      3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

      4) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі);

      5) демография және көші-қон саласындағы жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      6) елде және шетелде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету;

      7) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ағартушылық және баспа қызметін жүзеге асыру;

      8) этносаралық қатынастар аясында, оның ішінде мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру;

      9) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері жөніндегі заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптамаға қатысу;

      10) шет елдердегі қазақ диаспорасына ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерінде қолдау көрсету;

      11) этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды

      шешуге қатысу;

      12) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық жене құқықтық көмек көрсету;

      13) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарларды, конференцияларды өткізу, сондай-ақ өзге де іс-шараларды жүзеге асыру;

      14) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      14-1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу;

      15) Қазақстан этностарының өз тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі өзге де қызмет болып табылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Ассамблеяға қатысты құзыреті

      1. Қазақстан Республикасының Президенті:

      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

      2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

      3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3-1) Ассамблея Кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бес депутатын тағайындайды;

      4) Ассамблея Сессиясын шақырады;

      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяның Төрағасы болып табылады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2022 № 106-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

8-бап. Ассамблеяның құрылымы

      Ассамблеяның құрылымын Ассамблеяның Сессиясы, Кеңесі, Аппараты (Хатшылығы), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері құрайды.

      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Ассамблея Сессиясы

      1. Ассамблея Сессиясы — Ассамблея мүшелерінің жиналысы (бұдан әрі — Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.

      2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

      3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

      4. Сессияның ерекше құқығы:

      1) алып тасталды - ҚР 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Ассамблеяның дамуын айқындауда тұжырымдамалық ұстанымдарды әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзу;

      3) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі);

      4) Ассамблея мүшелерінің есептерін тыңдау болып табылады.

      5) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Сессия заңды болып есептеледі.

      6. Сессияның шешімі, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыс беру тәртібі мен нысанын Сессия айқындайды.

      7. Сессияның шешімін Ассамблеяның Төрағасы бекітеді. Ассамблея Сессиясының шешімдеріндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға жіберілген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұсынымдар және ұсыныстар міндетті түрде қарауға жатады.

      Сессияның жұмысы Сессия шешімімен бекітілетін регламентпен реттеледі.

      8. Алып тасталды - ҚР 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Ассамблея Кеңесі

      1. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      2. Кеңес Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктерінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының, мемлекеттік органдардың басшылары қатарынан қалыптастырылатын алқалы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Кеңестің құрамына Ассамблеяның басқа да мүшелері енгізілуі мүмкін.

      3. Кеңестің отырыстарын Кеңестің Төрағасы немесе Ассамблея Төрағасымен келісім бойынша Ассамблея Төрағасының орынбасарлары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылдықта кемінде бір рет шақырады.

      4. Кеңестің өкілеттіктеріне:

      1) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бес кандидат бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) Ассамблея мүшелігіне кандидатураларды қарау;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне кезекті Сессияны шақыру және оның күн тәртібі туралы ұсыныстар енгізу;

      4) Ассамблея Аппаратының (Хатшылығының) жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу;

      4-1) қоғамдық наградаларды тағайындау және олар туралы ережелерді бекіту;

      5) Сессияның ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де шешімдер қабылдау жатады.

      5. Егер Кеңестің жұмысына оның мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып есептеледі.

      6. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді және ол, егер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-1-бап. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

      1. Кеңестің мүшелері өз қызметін жүзеге асырған кезде:

      1) Кеңестің тапсырмасы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда Ассамблеяның мүддесін білдіруге, сондай-ақ олардың консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарына кіруге;

      2) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының сессиялары мен кеңестері отырыстарының жұмысына қатысуға;

      3) Кеңестің отырыстарында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қоғамдық маңызы бар мәселелерді қарау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға Ассамблеяның жұмыс органы арқылы өтініштер жіберуге;

      5) Ассамблеяның жұмыс органына қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, сондай-ақ басқа да адамдарды көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.

      2. Кеңестің мүшесі Кеңестің жұмысына, сондай-ақ Ассамблея ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға міндетті.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

11-бап. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы)

      1. Ассамблея Аппараты (Хатшылығы) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін, қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелетін Ассамблеяның жұмыс органы болып табылады.

      2. Аппаратты (Хатшылықты) сонымен бір мезгілде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Аппарат (Хатшылық) меңгерушісі басқарады.

      3. Сессияның, Кеңестің шешімдері және Ассамблея Төрағасының тапсырмалары Аппараттың (Хатшылықтың) орындауы үшін міндетті болып табылады.

      4. Аппараттың (Хатшылықтың) негізгі функциялары:

      1) Төраға мен Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де түрде қолдап отыру;

      1-1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша жұмысын үйлестіру;

      1-2) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      1-3) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-4) жеке және заңды тұлғалардың жалпымемлекеттік маңызы бар және этносаралық қатынастар саласын қозғайтын өтініштерін қарау;

      1-5) Ассамблея мен оның құрылымының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      2) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі);

      3) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және шет елдердің осыған ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Ассамблеяға жүктелген міндеттерді іске асыруға бағытталған өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Ассамблея Төрағасы

      1. Ассамблея Төрағасы Ассамблеяны, Ассамблея Кеңесін басқарады және Ассамблеяның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      2. Ассамблея Төрағасы:

      1) Ассамблеяның бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды іске асыру жөнінде тапсырмалар береді;

      1-1) алып тасталды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі);

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында және халықаралық ұйымдарда Ассамблея атынан үндеулер және мәлімдемелер жасайды.

      3. Ассамблея Төрағасы өз өкілеттіктерінің бір бөлігін Ассамблея Төрағасының орынбасарларына беруге құқылы.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары

      1. Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

      Этномәдени бірлестіктерден Ассамблея Төрағасының орынбасарларын Кеңестің ұсынымы негізінде ротациялау қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

      Ассамблея Төрағасының орынбасарларын ротациялау кезеңін Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

      2. Ассамблея Төрағасының орынбасарлары:

      1) Ассамблея Төрағасының ерекше құзыретіне кірмейтін өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      2) Ассамблея Төрағасының тапсырмасы бойынша Ассамблея атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және халықаралық ұйымдарда өкілдік етеді;

      2-1) Ассамблея Төрағасының, Ассамблеяның жұмыс органының Сессиялар мен Кеңес шешiмдерiн іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындайды;

      3) Ассамблеядағы істің жай-күйі және бағдарламалық құжаттарының іске асырылу барысы туралы Ассамблея Төрағасына қажеттілігіне қарай ақпарат береді.

      3. Алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-1-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының қызметін қамтамасыз ету

      1. Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.

      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі айқындайтын коммуналдық мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері лауазымы бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының төрағалары болып табылады.

      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының ұйымдық құрылымын онда өңірлердің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Ассамблея Аппаратымен (Хатшылығымен) келісім бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы айқындайды.

      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жоғары басшы органы сессия болып табылады.

      5. Ассамблея төрағасы құратын және басшылық ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының кеңесі сессиялар аралығындағы басқаруды жүзеге асыратын алқалы орган болып табылады.

      6. Аппарат (хатшылық) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының жұмыс органы болып табылады.

      7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары:

      1) Ассамблеяның және оның Кеңесінің шешімдерін, Ассамблея Төрағасының өз шешімдері мен тапсырмаларын орындайды;

      2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын кандидаттар жөнінде ұсыныстар әзірлейді, олар Кеңеске жіберіледі;

      3) өңірдегі этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;

      4) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.

      8. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының аппараты (хатшылығы):

      1) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясының төрағасы мен кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

      2) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың жай-күйі мен перспективалары туралы ақпаратты тұрақты негізде жинауды жүзеге асырады және оны Ассамблея Аппаратына (Хатшылығына) тоқсан сайын береді;

      3) өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      4) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері

      1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері – Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін бөлісетін, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнің негізінде жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар.

      Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қызметінің мақсаттары азаматтардың белсенділігі мен өзіндік әрекетін дамыту, олардың дәстүрлерді, тілдер мен мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы мүдделерін қанағаттандыру болып табылады.

      2. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және Ассамблеяның жергілікті, өңірлік немесе республикалық этномәдени бірлестіктері ретінде жұмыс істеуі мүмкін.

      Ассамблеяның жергілікті этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасының бір облысы, оның ішінде республикалық маңызы бар қаласы, астанасы шегінде жұмыс істейтін және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.

      Ассамблеяның өңірлік этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан аз аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.

      Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы облыстарының, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жартысынан астам аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар және Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін этнос өкілдерін топтастыратын қоғамдық бірлестіктер жатады.

      3. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады, қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, азаматтық қағидатында, патриотизм, Қазақстан этностарының рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біртектілікті нығайтуға жәрдемдеседі.

      4. Ассамблеяның құрамына қоғамдық аккредиттеу рәсімінен өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.

      Этномәдени бірлестікті қоғамдық аккредиттеу тәртібі мен ол туралы ережені Кеңес айқындайды.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

15-бап. Ассамблеяға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелік

      Ескерту. 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарының – этномәдени бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің және өзге де адамдардың қатарынан қалыптастырылады.

      2. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар:

      1) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімі;

      2) Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі;

      3) Кеңестің шешімі;

      4) Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде Кеңестің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары сессияларының шешімімен ротациялау қағидаты бойынша ұсынылады.

      3. Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы.

      4. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеяларына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі.

      5. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясына мүшелікке барлық кандидаттар кеңестің отырысында, ал кейіннен тиісті ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының бекітуіне ұсынылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясы төрағасының шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін.

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі

      1. Ассамблея мүшелері қызметін осы Заңмен айқындалған өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырады.

      2. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;

      2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

      3) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, "дөңгелек үстелдердің" және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      3. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;

      2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;

      3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;

      4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге;

      5) Ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Ассамблея мүшесінің өкілеттігін тоқтату

      1. Ассамблея мүшесінің өкілеттігі мынадай негіздер бойынша:

      1) Ассамблея мүшесінің өз бастамасы бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына немесе Қазақстанның шегінен тыс жерлерге тұрғылықты тұру үшін кетуіне байланысты;

      3) Ассамблея мүшесі болып табылатын және атқаратын мемлекеттік қызметі бойынша Ассамблеяның құрамына кіретін мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнын өзгертуіне байланысты;

      4) Ассамблея мүшесінің қайтыс болуына байланысты;

      5) Ассамблея мүшесін заңды күшіне енген сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануға байланысты;

      6) осы Заңның 15-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, Ассамблея мүшесін ротациялау жағдайында;

      7) бұрын Ассамблеяға мүшелікке кандидатура ұсынған, Ассамблеяның республикалық, өңірлік этномәдени бірлестіктерінің және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша кері шақырып алуға байланысты тоқтатылады.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Ассамблея мүшесінің өкілеттігі:

      1) денсаулық жағдайы бойынша Ассамблея мүшесі ретінде қызметін жалғастыру мүмкін болмаған;

      2) Ассамблея мүшесінің осы Заңда белгіленген өз міндеттерін тиісінше атқармаған;

      3) Ассамблея мүшесі атағына кір келтіретін қылық жасаған;

      4) қылмыс жасағаны үшін Ассамблея мүшесіне қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      5) өзге де негіздер болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана ассамблеясы мүшесінің өкілеттігі осы баптың 1-тармағында аталған негіздер бойынша, сондай-ақ басқа облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату

      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, оның ішінде Кеңестің ұсыныстары негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатын кері шақырып алу туралы ұсыныс Кеңесте қабылданады.

      3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатының өкілеттігін тоқтату туралы Кеңестің ұсынысы Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

19-бап. Ассамблеяның және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеяларының қызметін қаржыландыру көздері

      Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған, Ассамблея, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері ұйымдастыратын іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қаржыландырылады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

19-1-бап. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдау

      1. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      2. Ассамблея мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің дәстүрлерді, тілдерді, мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қызметін мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын тұжырымдауға жәрдемдеседі.

      Ескерту. 3-тарау 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады