Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 121 шешімі. Жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39 - 3 - бабы 6 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж. Байболатова

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "5" мамырдағы
  № 121 шешіміне
  1 - қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39 - 3 - бабы 6 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Краснопреснен ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін - өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік - аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Краснопреснен ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Краснопреснен ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе интернет-ресурстарды қоса алғанда үздіксіз жариялау тарату тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Краснопреснен ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Краснопреснен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Краснопреснен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Мәслихаттың
  2022 жылғы "5" мамырдағы
  № 121 шешіміне
  2 - қосымша

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Красная Пресня ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Балықты ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Лоба ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округінің Молодежное ауылының тұрғындары үшін

3


Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

Решение маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 5 мая 2022 года № 121. Отменено решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 13 октября 2023 года № 66

      Сноска. Отменено решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 13.10.2023 № 66 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39 - 3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Мендыкаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь районного маслихата Ж. Байбулатова

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от "5" мая 2022 года
  № 121

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39 - 3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей Краснопресненского сельского округа.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество - совокупность жителей (членов местного сообщества) проживающих на территории сельского округа, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируется и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества - непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) сельского округа в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа подразделяется на участки (села).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом Краснопресненского сельского округа.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Краснопресненского сельского округа не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или непрерывным публичным распространением массовой информации, включая интернет - ресурсы.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села организуется акимом Краснопресненского сельского округа.

      При наличии в пределах улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Краснопресненского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Краснопресненского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, утвержденным районным маслихатом.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Краснопресненского сельского округа.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от "5" мая 2022 года
  № 121

Количественный состав представителей жителей сел Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области для участия в сходе местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Красная Пресня Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

3

Для жителей села Балыкты Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

3

Для жителей села Лоба Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

3

Для жителей села Молодежное Краснопресненского сельского округа Мендыкаринского района Костанайской области

3