Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларының 8 тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі облыстық комиссияның 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 6 ұсынымы негізінде Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.О. Өтешовқе жүктелсін.
Облыс әкімі | А. Байханов |
Қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары | Әкімшілік-аумақтық бірлік | Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері | Қолданылу мерзімі |
3 | Тұз | Павлодар облысы | Бір килограмм үшін 65 теңге | 30 күнтізбелік күн |