Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 355/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу қағидаларының 8 тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі облыстық комиссияның 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 6 ұсынымы негізінде Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.О. Өтешовқе жүктелсін.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Қаулысына қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

Әкімшілік-аумақтық бірлік

Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Қолданылу мерзімі

3

Тұз

Павлодар облысы

Бір килограмм үшін 65 теңге

30 күнтізбелік күн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады