Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.09.2023 № 54/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы | М. Омаргалиев |
Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 156/22 шешімімен бекітілген |
Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
1. Осы Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын ( бұдан әрі-жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары) өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы Сольветка, Үштерек, Евгеньевка ауылдарына бөлінеді.
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары, Instagram және WhatsApp
әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
6. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында ауылдың қатысып отырған және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес оған қатысуға құқығы бар тұрғындарының тіркеуі жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақсу қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардның ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
11. Жергілікті қоғамдастиықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппаратына 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 156/22 шешіміне қосымша |
Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Евгеньевка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1. | Сольветка | 2 |
2. | Үштерек | 3 |
3. | Евгеньевка | 3 |