Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 54/7 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
(VІІІ шақырылған VІІ сессиясы)
№ 54/7 шешіміне
қосымша

Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі "Ақсу қаласы Қызылжар ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 159/22 шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167494 болып тіркелген).

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 154/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167389 болып тіркелген).

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі "Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 155/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167489 болып тіркелген).

      4. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі "Ақсу қаласы Евгеньевка ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 156/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167481 болып тіркелген).

      5. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі "Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 158/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167493 болып тіркелген).

      6. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 157/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 167490 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады