"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялаған соң Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) жоғарыда аталған Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен, тіркеуші органда тіркеуді жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі | М. Оспанов |
"Солтүстік Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "08" маусым | |
№134 қаулысымен | |
"БЕКІТІЛДІ" |
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Явленка а.
2
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Жер қатынастары бөлімі), аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігімен Есіл ауданы аумағында жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, жер қатынастары саласындағы актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Жер қатынастары бөлімінің, егер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Жер кодіксіне сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Жер қатынастары бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында,
3
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін, шешімдер қабылдайды.
8. Жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А.Иманов көшесі, 78 А.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.12.2022 № 316 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Осы ереже Жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар шараларынан) жүзеге асырылады.
12. Жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен, Жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Жер қатынастары бөліміне Қазақстан Республикасының Жер кодексімен, кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының бюджет саласындағы заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының туындау, өзгеру және тоқтатылу шарттары мен шектерін орындау;
2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын молықтыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.
14. Өкілеттіктер:
1) Құқығы:
1) өз құзыреті шегінде, жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығару;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан жер қатынастары саласындағы міндеттерді орындауға байланысты ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
4
3) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген, негіздер бойынша жер учаскелеріне меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсынысты қарауға енгізу;
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне қайшы келетін, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімдерінің күшін жою туралы ұсыныстар енгізу;
5) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру, өз қызметін қамтамасыз ету үшін Жер қатынастары бөлімі өзіне бекітіліп берілген мүкәммал мен көлік құралын пайдаланады;
6) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
7) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қатынастары саласындағы саясатын мақсатты түрде жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен Жер қатынастары бөліміне жүктелген, өз функцияларын қойылған міндеттерге сәйкес тиімді жүзеге асыру.
15. Функциялар:
1) жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындау;
4) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін қауымдық сервитуттарды белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешім жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
9) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;
5
11) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы жерлерінің балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың есебін жүргізу;
13) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
14) жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын және жер учаскелеріне уақытша өтеулі (жалға алу), уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу;
15) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33 бабы 1 тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;
18) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
19) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау;
20) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
21) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында жердің бар-жоғы және оларды санаттар, алқаптар, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша бөлу туралы, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану туралы тоқсан сайынғы, жыл сайынғы есептерді жасау және оларды "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беру;
22) Солтүстік Қазақстан облысының мәслихатымен, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының атқарушы органдарымен, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесімен, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен өзара іс-қимыл жасау;
23) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының
6
Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 қазанда № 21366 болып тіркелген) "Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" сәйкес, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
24) жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
25) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер учаскелерін жеке меншікке және жалға беру жөніндегі ұсыныстар мен шешім жобаларын дайындау;
26) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың жер қатынастары саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау;
27) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүзеге асыру және қамтамасыз ету;
28) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру;
29) жеке және заңды тұлғаларға қатысты жер пайдалану мәселелері бойынша азаматтық істер мен әкімшілік істер бойынша сот процестеріне қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жер қатынастары саласындағы даулы мәселелерді шешу;
30) шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқылы дамыту;
31) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
32) жер қатынастары саласында жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін, мемлекеттік қызметтерді көрсету;
33) Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары мәселелері бойынша мүдделерін білдіру.
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Жер қатынастары бөліміне басшылықты, Жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Жер қатынастары бөлімнің бірінші басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңнамасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Жер қатынастары бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Жер қатынастары бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
7
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және шарт негізінде қызметшілер үшін жеке құрам бойынша бөлімнің бұйрықтарын, жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бөлімнің бұйрықтарын шығарады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
3) Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
4) өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгілейді;
5) Жер қатынастары бөлімінің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады, Жер қатынастары бөлімінің атынан басқа қызметкерлерге Жер қатынастары бөлімі мүддесі үшін талап арызға, шағымға қол қою және беру, істі аралық сотқа беру, талап арыздын талаптарын толық немесе ішінара бас тарту және талап арызды тану, талап қоюдың мәні мен негізін өзгерту, бітімгершілік келісім жасасу, сот қаулысына, сот қаулысын мәжбүрлеп орындату талаптарына шағымдану құқығымен, талап қоюшыға, жауапкерге, үшінші тұлғаға, жәбірленушіге, маманға заңмен берілген, бүкіл құқықтармен, барлық сот мекемелерінде іс-әрекеттер жасауға өкілеттік береді.
6) басшы, тікелей қарамағындағы, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапты болады;
7) басшы ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
11) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
12) азаматтарға және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдауды жүргізеді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің мерзімдерін қарайды, олар бойынша шаралар қабылдайды;
13) қызметтік құжаттарға қол қояды.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес оны алмастыратын, тұлға жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
8
19. Жер қатынастары бөлімінің, мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Жер қатынастары бөлімінің мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған, өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік, коммуналдық меншікке жатады.
21. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген, қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Жер қатынастары бөлімінің заңды тұлғасын қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және қысқарту (тарату) оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, сот органдарының шешімі бойынша, сондай-ақ осы Ережемен және қайта ұйымдастырудың басқа да нысандарымен жүргізіледі.