Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 08 маусымдағы № 134 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынасатары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 316 қаулысы

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-1 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 65 бабы 3 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 08 маусымдағы № 134 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А.Иманов көшесі, 78 А".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеу жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі М.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады