Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын;
3) жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Оспанов |
Солтүстік-Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "10" маусымдағы | |
№ 138 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Явленка ауылы 2022 жыл
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-жұмыспен қамту бөлімі) аудан бюджетінен қаржыландырылатын, ауданда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы қызметті жүзеге асыру бойынша Есіл ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Жұмыспен қамту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген), "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 13.12.2022 № 309 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4. Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (олар болған кезде), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Жұмыспен қамту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Жұмыспен қамту бөлімі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджеттік заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Жұмыспен қамту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жұмыспен қамту бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Жұмыспен қамту бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Иманов көшесі, 78А.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 11.10.2022 № 238 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Осы ереже жұмыспен қамту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Жұмыспен қамту бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Жұмыспен қамту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыспен қамту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер жұмыспен қамту бөліміне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының бюджет саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
2) жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек саласындағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмекті ұйымдастыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау саласында жұмыспен қамту бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығару;
өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы міндеттерді орындауға байланысты ақпаратты сұрату және алу;
өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласын дамытуды айқындау;
өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге құқылы.
осы Ережеде, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстарды талдау, болжау, бұл туралы халықты хабардар ету;
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүргізу;
халықты әлеуметтік қорғауды іске асыру;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.15. Функциялары:
1) Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 19.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;2) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, өңірлік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу, олардың орындалуын талдау;
3) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32875 болып тіркелген), "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген), белгіленген құзыреті шеңберінде бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау;
6) статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындау және ұсыну, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жүргізуге мониторингті жүзеге асыру;
7) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру және қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы шешім қабылдау;
8) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеуді ұйымдастырады;
9) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеуді ұйымдастырады;
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеуді ұйымдастырады;
11) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
12) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;
13) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыру;
15) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырады;
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік көмек бөлімшесін кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
17) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
18) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді, дамудың индикативтік жоспарын қалыптастыру;
19) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;
20) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысында көзделген әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін тағайындау және төлеу;
21) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;
22) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектертігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету;
23) Есіл ауданында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
24) қарттар мен мүгедекттігі бар адаидарға қайырымдылық көмек көрсету бойынша коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
25) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
26) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар;
27) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге құжаттар ресімдеу;
28) қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
29) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізу;
30) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
31) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу;
32) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
33) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
34) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;
35) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
36) кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері, заңсыз төленген ақшалай қаражатты қайтару, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша даулы мәселелерді шешу бойынша сотқа қатысу;
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 13.12.2022 № 309 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Жұмыспен қамту бөліміне басшылықты жұмыспен қамту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Жұмыспен қамту бөлімінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Есіл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Жұмыспен қамту бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Жұмыспен қамту бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша шаралар қабылдайды;
8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32941 болып тіркелген) сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 13.12.2022 № 309 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Жұмыспен қамту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Жұмыспен қамту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Жұмыспен қамту бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе, жұмыспен қамту бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Жұмыспен қамту бөлімін қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, " Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.