Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 309 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңының 14-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабы 3 тармағына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      3- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Жұмыспен қамту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90218 болып тіркелген), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.";

      15- тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90218 болып тіркелген) белгіленген құзыреті шеңберінде бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;";

      15- тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеуді ұйымдастырады;";

      15- тармақтың 21) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "21) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;";

      15- тармақтың 22) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "22) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектертігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету;";

      15- тармақтың 23) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "23) Есіл ауданында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;";

      15- тармақтың 24) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "24) қарттар мен мүгедекттігі бар адаидарға қайырымдылық көмек көрсету бойынша коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;";

      15- тармақтың 28) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "28) қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;";

      15- тармақтың 31) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "31) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу;";

      18- тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Жұмыспен қамту бөлімі мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеу жүргізсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады