Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 238 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңының 14-1 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65 бабы 3 тармағына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:.

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 138 "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

      9- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Иманов көшесі, 78А.".

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеу жүргізсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады