"Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 67 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 "Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "27" сәуірдегі № 67
қаулысымен бекітілген қосымша

"Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын және бюджетін жоспарлау, бюджетін атқару және коммуналдық меншігін басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер салаларына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдардарында шоттары болады.

      5. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 060500 Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Абай Құнанбаев көшесі, 4.

      10. Осы Ереже Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіліктері

      13. Мақсаты:

      1) Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік қабілетінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

      2) Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету.

      3) Ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.

      14. Өкілеттіктері:

      Құқықтары:

      1) аудандық әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) аймақтың даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;

      3) өз құзыреті шегінде аудандық бюджетті жоспарлау және атқару.

      4) аудандық коммуналдық мүліктерін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) аудандық коммуналдық мүліктерінің мақсатты және тиімді пайдалануына, сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;

      6) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдарға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында табыстың бөлінуіне бақылау жүргізу;

      7) өз құзыреті шегінде аймақтың даму бағдарламасын және ауданның өзге де салалық бағдарламаларын және бюджетін түзету және нақтылау бойынша ұсыныстар енгізу;

      8) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы пайдалану бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;

      9) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;

      10) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен материалдарды сұрату, алу және беру;

      11) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту;

      12) өз құзыреті шегінде ақпараттық – талдау материалдарын дайындау және оларды мемлекеттік органдарға ұсыну;

      13) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мәлімдемелері мен шағымдарын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;

      14) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бөлімнің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыз беру;

      15) жеке және заңды тұлғалармен аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату, сенімгерлік басқаруға беру, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, уақытша өтеусіз пайдалануға (орналастыруға) беру шарттарын жасау;

      16) заңнамаға сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу;

      17) аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы соттарында мемлекеттің мүддесін білдіру;

      18) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару (концессиялар) шарттарына сәйкес сенімгерлік басқарушылардың (концессионерлер) өз міндеттерін орындауы мәселесі жөнінде тыңдаулар өткізу;

      19) аудандық коммуналдық мүліктің ұрлығы және оны пайдалануға байланысты өзге де құқық бұзушылықтардың анықталған деректері бойынша материалдарды тергеу органдарына жолдау;

      20) тиісті уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен беру;

      21) құпиялық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кідіріссіз танысу;

      22) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер атқару.

      Міндеттері:

      1) ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау және талдау;

      2) тиісті әкімшілік - аумақтың бірлігінде бюджеттік жоспарлау;

      3) тиісті әкімшілік – аумақтың бірлігінде бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;

      4) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) жоспарлау, бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік, бюджеттік, қаржылық есеп және аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;

      6) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

      2) аумақтың даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;

      4) аумақтың даму бағдарламасының орындалысына мониторинг және талдау жүргізу;

      5) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және аумақтың даму бағдарламасының орындалу барысы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;

      7) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру;

      8) тиісті жоспарлы кезеңге аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық мәслихаттың шешімдері жобаларын әзірлеу және оларды аудандық әкімдігінің қарауына ұсыну;

      9) аудандық әкімдігінің аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы, аудандық әкімдігінің тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеті туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      10) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және оларға қорытындылар дайындау;

      11) әлеуметтік – экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудандық бюджетке бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша түсімдерді болжау;

      12) басым аудандық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;

      13) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекет қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру және оларды бағалауды жүзеге асыру;

      15) аудандық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және түзету бойынша қорытындылар дайындау, сондай-ақ ұсыныстар енгізу,

      сараптамалар жүргізу және консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтерді жүзеге асыру;

      16) аудандық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      17) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағдарламалар жобаларында ұсынылған нәтижелік және тиімділік көрсеткіштерін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі мәніне қарау;

      18) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде аумақтың даму және салалық бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;

      19) аудандық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

      20) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;

      21) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

      22) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;

      23) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;

      24) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;

      25) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

      26) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      27) бюджеттік кредиттерді беру, олардың мониторингін және қайтарылуын қамтамасыз ету;

      28) жергілікті атқарушы органның борыштарын алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;

      29) бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау жүргізу үшін ақпараттар дайындау және ұсыну;

      30) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудандық әкімдігінің қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;

      31) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруге дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      32) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      33) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және уақытша өтеусіз пайдалануға (орналастыруға) беру;

      34) аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде коммуналдық кәсіпорындардың және жергілікті атқарушы орган қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      35) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      36) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және дебиторлық берешекті есептен шығаруға немесе беруге келісім беру;

      37) жекеленген негіздер бойынша аудандық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      38) тиісті саланың уәкілетті органына аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруына келісім беру;

      39) аудандық коммуналдық мүлікті кепілге және өтеусіз пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      40) аудандық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру және мүліктік құқықтарын қорғау;

      41) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақытылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталдарға қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;

      42) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру, сондай-ақ оны қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру;

      43) аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануына және сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;

      44) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың аудандық коммуналдық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасау туралы шешімді қабылдауға қатынасу;

      45) аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы пайдалануын бақылаудың нәтижелерімен анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою бойынша ұсыныстар беру;

      46) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген жағдайлар мен шарттарды ауданның коммуналдық меншігіне алынатын мүлік үшін өтемді төлеуді жүзеге асыру;

      47) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;

      48) есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

      49) ай сайын аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және аудандық әкімдігіне, бюджетті атқару жөніндегі облыстық уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, тексеру комиссиясына ұсыну;

      50) аудандық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшанын түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;

      51) аудандық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;

      52) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;

      53) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға рұқсат және өтінім беру;

      54) аудандық бюджеттің атқарылуы, коммуналдық мүлікті басқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;

      55) мемлекеттік жоспарлау жүйесі, мемлекеттік қаржы, мемлекеттік мүлікті басқару, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүргізу, бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы заңнамалардың қолдану тәжірибесін талдау және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      56) салық салу үшін жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілерін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      57) заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінде басшылықты Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысын Қызылқоға ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мемлекеттік қызметшілері және қызметкерлері болады.

      19. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің мемлекеттік қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, тәртіптік жаза қолданады;

      5) Бөлім атынан шарттар жасасады, шарттарға, бөлім бойынша алынатын бұйрықтарға қол қояды;

      6) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      7) Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8) Бөлім жұмысының регламентін, аудан әкімінің шешімімен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      9) Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірстерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      21. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов"

Постановление акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 27 апреля 2022 года № 67

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18, статьей 124 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат Кызылкогинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов".

      2. Государственному учреждению "Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего постановления в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Кызылкогинского района;

      3) принятие иных необходимых мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов".

      4. Отменить постановление акимата Кызылкогинского района от 20 апреля 2017 года № 86 "О внесени изменении в положение государственного учреждения "Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов"".

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылкогинского района Н. Бисембиев

  Приложение к постановлению
акимата Кызылкогинского района
№ 67 от "27" апреля 2022 года

Положение государственного учреждения "Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов"

1. Общие положения

      1. Государственного учерждение Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах деятельности в области услуг по реализации государственной политики по планированию социально-экономического развития и бюджета, исполнению бюджета и управлению коммунальной собственностью района.

      2. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов не имеет ведомств.

      3. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов: 060500, Республика Казахстан, Атырауская область, Кызылкогинский район, село Миялы, улица Абая Кунанбаева №4.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов.

      11. Финансирование деятельности Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов осуществляется из местных бюджетов, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями учреждения.

      Если Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в гоударственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Миссия:

      1) Реализация социально-экономической политики, а также системы государственного планирования и обеспечение эффективного использования бюджетных средств, способствующих достижению качественно нового уровня конкурентоспособности района и устойчивому экономическому росту.

      2) Обеспечение исполнения бюджета, ориентированного на достижение прямых.

      3) Конечных результатов и эффективное управление коммунальной собственностью района.

      14. Полномочия:

      Права:

      1) вносить в районный акимат предложения по основным направлениям социально-экономического развития района;

      2) осуществлять контроль за реализацией плана мероприятий по реализации программ развития территорий;

      3) в пределах своей компетенции вносить предложения по реализации государственной политики в сфере планирования;

      4) внесение предложений по реализации государственной политики в сфере управления районной коммунальной собственностью;

      5) осуществлять контроль за целевым и эффективным использованием и сохранностью районного коммунального имущества, выполнением обязательств по договору доверительного управления, соблюдением условий договоров купли-продажи по приватизации;

      6) осуществлять контроль за своевременностью и полнотой начисления дивидендов на принадлежащие Республике Казахстан акции и их выплаты, а также за распределением чистого дохода между участниками товарищества с ограниченной ответственностью, доля участия в уставном капитале которого принадлежит Республике Казахстан;

      7) в пределах своей компетенции вносить предложения по уточнению и корректировке программ развития территорий и других отраслевых программ и бюджета района;

      8) давать разъяснения и комментарии по применению действующего законодательства по вопросам, входящим в компетенцию отдела;

      9) поощрять работников, налагать дисциплинарные взыскания, привлекать работников к материальной ответственности в случаях и порядке, предусмотренных Трудовым Кодексом и законодательством о государственной службе;

      10) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, их должностных лиц и иных лиц и передавать информацию и материалы, необходимые для осуществления функций, возложенных на отдел;

      11) привлекать для проведения экспертиз и консультаций специалистов государственных исполнительных органов, а также независимых экспертов;

      12) в пределах своей компетенции подготовить и представить государственным органам информационно-аналитические материалы;

      13) рассматривать обращения, заявления и жалобы физических и юридических лиц по вопросам, входящим в компетенцию отдела;

      14) обратиться в суд, подать иск в защиту прав и интересов государственного учреждения в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      15) заключять с физическими и юридическими лицами договоры купли-продажи, передачи в доверительное управление, сдачи в имущественный наем (аренду), сдачи во временное безвозмездное пользование (размещение) районного коммунального имущества;

      16) проводить в соответствии с законодательством торги по приватизации районного коммунального имущества;

      17) представлять интересы государства в судах Республики Казахстан по вопросам владения, пользования и распоряжения районного коммунального имущества;

      18) проводить заслушивание доверительных управляющих (концессионеров) по вопросу выполнения ими обязательств в соответствии с договорами доверительного управления (концессии) районного коммунального имущества;

      19) направлять в следственные органы материалы по выявленным фактам нарушений, хищений районного коммунального имущества и иных правонарушений, связанных с его использованием;

      20) представлять по запросу соответствующего уполномоченного органа сведения из собственных информационных систем в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;

      21) беспрепятственно знакомиться с документацией, объектами контроля, относящихся к вопросам контрольного мероприятия, с учетом соблюдения режима секретности, служебной, коммерческой или иной охраняемой законом тайны;

      22) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные действующими законодательными актами.

      Задачи:

      1) планирование и анализ приоритетов основных направлений социально-экономического развития, стратегических целей и задач района;

      2) бюджетное планирование на соответствующей административно-территориальной единице;

      3) организация исполнения бюджета соответствующей административно-территориальной единице;

      4) участие в реализации государственной политики в сфере управления районным коммунальным имуществом;

      5) руководство и межотраслевая координация в области планирования, исполнения бюджета, бухгалтерского, бюджетного, финансового учета и управления районным коммунальным имуществом;

      6) иные задачи, возложенные законодательством.

      15. Функции:

      1) разработка прогноза социально-экономического развития района;

      2) разработка программ развития территории и плана мероприятий по их реализации;

      3) мониторинг и анализ показателей прогноза социально-экономического развития района;

      4) проведение мониторинга и анализа исполнения программ развития территорий;

      5) подготовка аналитической информации о результатах социально-экономического развития района и о ходе исполнения программ развития территорий;

      6) функциональный анализ деятельности местных органов государственного управления;

      7) организация мер социальной поддержки специалистов в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственных служащих акимов поселков, поселков и сельских округов, приехавших на работу и проживание в сельскую местность;

      8) разработка проектов решений маслихата о районном бюджете на соответствующий плановый период, внесение изменений и дополнений в бюджет и представление их на рассмотрение акимата района;

      9) разработка проектов постановлений акимата района о реализации решений маслихата о районном бюджете, внесении изменений и дополнений в постановление акимата района о реализации решений маслихата о районном бюджете на соответствующие годы;

      10) рассмотрение бюджетных заявок администраторов бюджетных программ и подготовка заключения по ним;

      11) прогнозирование поступлений в районный бюджет по категориям, классам и подклассам единой бюджетной классификации с учетом прогноза социально-экономического развития;

      12) формирование перечня приоритетных районных бюджетных инвестиций;

      13) осуществление мониторинга реализации бюджетных инвестиционных проектов;

      14) представление заключения на финансово-экономическое обоснование администраторов бюджетных программ об осуществлении бюджетных инвестиций посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц и осуществлении их оценки;

      15) подготовка заключения по разработке и корректировка технико-экономических обоснований инвестиционных и концессионных пректов, а также внесение предложений, проведение экспертиз и осуществление услуги по консультативному сопровождению;

      16) организация и обеспечение деятельности районной бюджетной комиссии;

      17) рассмотрение показателей результативности и эффективности представленных в проектах бюджетных программ администраторов районных бюджетных программ, на предмет их соответствия функциям, полномочиям, направлениям деятельности;

      18) осуществление согласования программ развития территорий и отраслевых программ в части обеспеченности объемом бюджетного финансирования;

      19) внесение предложений по уточнению (корректировке) и секвестированию районного бюджета;

      20) руководство и межотраслевая координации в области бюджетного планирования;

      21) организация исполнения районного бюджета и координация деятельности администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;

      22) осуществление бюджетного мониторинга;

      23) подготовка аналитической информации об исполнении бюджета;

      24) осуществление управления бюджетными деньгами;

      25) составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам районного бюджета;

      26) внесение измененией и дополнений в сводный план поступлений и финансирования по платежам, сводный план финансирования по обязательствам, включая годовые суммы;

      27) представление бюджетных кредитов, обеспечение их мониторинга и возврата;

      28) осуществление мониторинга получения, использования, погашения и обслуживания долгов местного исполнительного органа;

      29) подготовка и представление информации для проведения оценки эффективности управления бюджетными средствами;

      30) подготовка заключений к проектам постановлений районного акимата о выделении средств из резерва местного исполнительного органа;

      31) организация работы по подготовке районного коммунального имущества к приватизации;

      32) организация работы по приватизации районного коммунального имущества;

      33) предоставление районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду) и во временное безвозмездное пользование (размещение);

      34) проведение мониторинга эффективности управления районным коммунальным имуществом, в том числе коммунальными предприятиями и юридическими лицами с участием местного исполнительного органа;

      35) организация работы по передаче районного коммунального имущества в доверительное управление;

      36) дача согласия на списание или передачу имущества и дебиторской задолженности, закрепленных за районными коммунальными юридическими лицами;

      37) организация работы по учету, хранению, оценке и дальнейшему использованию имущества, обращенного (поступившего) в коммунальную собственность по отдельным основаниям;

      38) дача согласия уполномоченному органу соответствующей отрасли на осуществление реорганизации и ликвидации районного коммунального юридического лица;

      39) организация работы по передаче в залог и безвозмездное пользование районного коммунального имущества;

      40) представление интересов государства по вопросам районного коммунального имущества и защита его имущественных прав;

      41) осуществление контроля за своевременностью и полнотой начисления дивидендов на принадлежащие Республике Казахстан акции и их выплаты, а также распределением чистого дохода между участниками товарищества с ограниченной ответственностью, доля участия в уставном капитале которого принадлежит Республике Казахстан;

      42) координация и организация работы по обеспечению единого учета государственного имущества в реестре государственного имущества, а также финансирование расходов на его формирование и ведение;

      43) осуществление контроля за использованием и сохранностью районного коммунального имущества, выполнением обязательств по договору доверительного управления, соблюдением условий договоров купли-продажи по приватизации;

      44) участие в принятии решения о заключении договора дарения по имуществу негосударственных юридических и физических лиц, передаваемому в районную коммунальную собственность;

      45) внесение предложений по изъятию излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества районных коммунальных юридических лиц, выявленных по результатам контроля целевого использования коммунального имущества;

      46) осуществление выплаты возмещения за имущество, принимаемое в коммунальную собственность в случаях и на условиях, установленных Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе";

      47) ведение бюджетного учета и отчетности;

      48) составление и представление годового отчета об исполнении районного бюджета за финансовый год в акимат района, областной уполномоченный орган по исполнению бюджета и органы государственного финансового контроля, обеспечение координации работы администраторов бюджетных програм при рассмотрении годового отчета об исполнении районного бюджета за отчетный финансовый год в постоянных комиссиях районного маслихата;

      49) составление и ежемесячное представление отчетов об исполнении районного бюджета в акимат района, областной уполномоченный орган по исполнению бюджета, уполномоченной орган по внутреннему контролю, ревизионную комиссию;

      50) составление отчетов об исполнении планов поступлений и расходов денег от реализации товаров (работ, услуг), поступлений и расходовании денег от спонсорской и благотворительной помощи по районному бюджету;

      51) составление отчетов о кредиторской и дебиторской задолженностях районного бюджета;

      52) составление и предоставление консолидированной финансовой отчетности по исполнению районного бюджета;

      53) выдача разрешений и заявок на открытие контрольных счетов наличности государственных учреждений;

      54) руководство и межотраслевая координация в области исполнения бюджета, управления коммунальнным имуществом, бухгалтерского и бюджетного учета, финансовой и бюджетной отчетности;

      55) анализ практики применения законодательства и выработка предложений по его совершенствованию в области системы государственного планирования, государственных финансов, государственного управления имуществом, ведения бухгалтерского учета и финансовой отчетности, ведения бюджетного учета и отчетности;

      56) организация работы по оценке объектов недвижимости физических лиц, не используемых в предпринимательской деятельности, для налогообложения;

      57) иные функции, возложенные законодательством.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Кызылкогинского районного отдела экономики и финансов осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на районный отдел экономики и финансов задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Кызылкогинского районного отдела экономики и финансов назначается на должность и освобождается от должности акимом Кызылкогинского района.

      18. Первый руководитель Кызылкогинского районного отдела экономики и финансов имеет государственных служащих и работников, которые назначаются на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Кызылкогинского районного отдела экономики и финансов:

      1) Определяет обязанности и полномочия своего работников отдела;

      2) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в отделе и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      3) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников отдела;

      4) в установленном законодательством порядке принимает решение поощрения, оказание материальной помощи и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников отдела;

      5) составляет и подписывает договора от имени отдела, подписывает приказы принятые по отделу;

      6) утверждает положения о структурных подразделениях отдела;

      7) представляет отдела в государственных органах и иных организациях;

      8) утверждает регламент работы, утверждает штатное расписание отдела, в пределах лимитной штатной численности, утвержденного постановлением акимата района и план финансирования на соответствующий год;

      9) в пределах своей компетенции осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством.

      10) Исполнение полномочий первого руководителя отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Кызылкогинский районный отдел экономики и финансов может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Кызылкогинского районного отдела экономики и финансов формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      Национальный Банк Республики Казахстан от имени Республики Казахстан самостоятельно осуществляет права владения, пользования и распоряжения закрепленным за ним имуществом, находящимся на его балансе.

      21. Имущество, закрепленное за Кызылкогинским районным отделом экономики и финансов относится к коммунальной собственности.

      22. Кызылкогинский районный отдела экономики и финансов не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Кызылкогинского районного отдела экономика и финансов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.