Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 28.06.2022 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 11-10/136 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысының Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округіне қарасты "Құлпейіс" қыстағында орналасқан "Тоқмырза" шаруа қожалығында ірі қара малда қарасан ауруы пайда болуына байланысты карантин іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Багдаров |