Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 11 "Жангелдин ауылдық округі, "Құлпейіс" қыстағы, "Тоқмырза" шаруа қожалығына карантин іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 13 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8- тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 11-10/195 ұсынысы негізінде Жангелдин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 11 "Жангелдин ауылдық округі, "Құлпейіс" қыстағы, "Тоқмырза" шаруа қожалығына карантин іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы Д. Мурзагереев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады