Жангелдин ауылдық округі, "Құлпейіс" қыстағы, "Тоқмырза" шаруа қожалығына карантин іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 11 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 28.06.2022 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 11-10/136 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысының Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округіне қарасты "Құлпейіс" қыстағында орналасқан "Тоқмырза" шаруа қожалығында ірі қара малда қарасан ауруы пайда болуына байланысты карантин іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Багдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады