"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8- тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 11-10/195 ұсынысы негізінде Жангелдин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 11 "Жангелдин ауылдық округі, "Құлпейіс" қыстағы, "Тоқмырза" шаруа қожалығына карантин іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | Д. Мурзагереев |