"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 979 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Техникалық реттеу және метрология, Сауда комитеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 979 қаулысының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың уәкілетті органда мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Cауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысы |
А. Шакқалиев |
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 499 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;";
көрсетілген бұйрыққа 16-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;".
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Астана қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Департамент заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Петров көшесі, 5-үй, 3 т.е.б.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - республиканское государственное учреждение "Департамент по защите прав потребителей города Астана Комитета по защите прав потребителей Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан".
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен
мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары: тұтынушылардың құқығын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты қалыптастыру.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;
3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
4) реттелетін саладағы аумақтық бөлімшелер мен ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға өз құзыретінің шегінде консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
6) өз құзыретінің шегінде консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
8) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
10) Комитет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындауға міндетті;
11) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
3) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалардың, жобалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;
7) реттелетін саладағы, бюджетті жоспарлау және орындау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
8) құзыретінің шегінде Комитет Департаментінің аумақтық басқармаларының қызметін жалпы ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан, тұтыну дауларын сотқа дейін реттеу субъектілерінен, тұтынушылардың заңды мүдделерінің өкілдерінен, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған ақпарат пен есептілік негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
12) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды, заңды тұлғаларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен ведомствоға жүктелген өзге де функциялар мен бағыттарды жүзеге асыру.
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі басшысының мәртебесі және өкілеттігі
16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
2) Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
4) басқа мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
5) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына дербес жауапты болады.
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Департаменттің мүлкi
19. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. Департаменттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай табысты қосқанда) есебінен қалыптасады.
20. Департаментке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
21. Департаментке өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен айыруына немесе өзге тәсілмен билік жүргізуіне жол берілмейді.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
22. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi бар.
4. Департамент өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Департамент, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11-үй, "Эталон орталығы" ғимараты.
9. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение "Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по городу Астана".
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары: Техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларындағы, сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу салаларында және зергерлік бұйымдар мен басқа да бұйымдарды сату кезіндегі мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды және жүзеге асыру болып табылады.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
15. Департаменттің функциялары:
1) Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді қоспағанда, техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімге қатысты оны айналысқа шығару сатысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің не Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің сақталуына техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының Бағалы металдар мен асыл тастар туралы заңнамасының сақталуына зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу бөлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуындағы рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі бөлігінде рұқсаттық бақылау біліктілік және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерде өтініш берушіге бару қажеттілігі болған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тәртібімен жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сай келуі немесе сай келмеуі туралы қорытынды жасалады рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, қаулылар шығару және әкімшілік жазалар қолдану арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау;
7) техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен өзара іс-қимыл;
8) нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізу;
9) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу бойынша ықпал ету шараларын қабылдау;
10) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін өнімді алып қою және қадағалау субъектісін Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес осындай өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сотқа талап қою;
11) жеке, заңды тұлғалар техникалық реттеу саласындағы лауазымды адамдар берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну.
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі басшысының мәртебесі және өкілеттігі
16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
2) Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
4) басқа мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
5) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарының, еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексін сақтауына (Мемлекеттiк қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) дербес жауапты болады;
8) бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін қалыптастыруға дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
20. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департамент өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
23. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Астана қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Астана қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11-үй, "Эталон орталығы" ғимараты.
9. Департаменттің толық атауы:
қазақ тілінде – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Астана қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Департамент торговли города Астана Комитета торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан".
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Департаменттің мақсаты ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
14. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
15. Департаменттің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу;
3) сауда инфрақұрылымын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржалары және биржалық сауда қызметінің мәселелері бойынша ақпарат жариялау;
5) Сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашылық ету, қатысу және оларды ұйымдастыру.
3-тарау. Департамент қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
2) Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
4) басқа мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүдделерін білдіреді;
5) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
6) Департаменттің жұмыс жоспарын бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына дербес жауапты болады;
8) бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдерін қалыптастыруға дербес жауапты болады.
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
19. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
22. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.