Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 979 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың атауы:

      1) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Нұр-Сұлтан қаласының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Астана қаласының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелері мен "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелері оларды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерге біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Техникалық реттеу және метрология комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Министрліктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада аумақтық органдары бар.";

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесімен толықтырылсын;

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алып тасталсын.

      4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 979 қаулысына
1-қосымша

Қайта ұйымдастырылатын "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелері мен "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі мен "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Астана қаласының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Алматы қаласының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Шымкент қаласының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Абай облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Абай облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақмола облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Ақмола облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Ақтөбе облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      7. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Алматы облысы сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Атырау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      9. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Батыс Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Батыс Қазақстан облысы сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      10. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Жамбыл облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Жамбыл облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      11. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Жетісу облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Жетісу облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      12. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қарағанды облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Қарағанды облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      13. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қостанай облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Қостанай облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      14. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Қызылорда облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      15. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Маңғыстау облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      16. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті Павлодар облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      17. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      18. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Түркістан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Түркістан облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      19. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұлытау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Ұлытау облысының сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

      20. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі және "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Шығыс Қазақстан облысы сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі оларды "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
  № 979 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Алматы облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады