"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 08-02-03/448 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Манкент ауылдық округі, 183 орамда орналасқан "Нартай" ара шаруашылығы аумағында варроатоз ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Манкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 81 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168820 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Манкент ауылдық округінің әкімі | А.Сайтмуратов |