Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 25.07.2022 № 109 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін уақытша атқарушысының 2022 жылғы 03 маусымдағы № 08-02-03/387 ұсынысы негізінде және жұқпалы аурулардың ошақтарын жою мақсатында ШЕШТІМ:
1. Варроатоз ауруы ошағы анықталуына байланысты, Манкент ауылдық округі, 183 орамда орналасқан "Нартай" ара шаруашылығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Манкент ауылдық округінің әкімі | А.Сайтмуратов |