Шектеу іс-шараларын тоқтату және Манкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 81 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 шілдедегі № 109 шешiмi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 08-02-03/448 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Манкент ауылдық округі, 183 орамда орналасқан "Нартай" ара шаруашылығы аумағында варроатоз ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Манкент ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 81 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168820 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Манкент ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады