Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Омар |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 06 желтоқсандағы № 4045 қаулысымен бекітілді |
"Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өскемен қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) бюджеттің орындалуы және қалалық коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда олмемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 29, 1в тұрғын емес жайы, пошталық индексі 492019.
9. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
11. Бөлімге кәсіпкерлік субьектілерімен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен, кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) қала бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;
2) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
3) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды және бюджеттік есептілікті жүргізу;
4) қалалық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау құқықтарын жүзеге асыру;
қалалық коммуналдық мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету;
бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру, коммуналдық мүлікті басқару және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша, қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік, қаржылық және өзге де қажетті ақпаратты сұрату және алу;
белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы өтінімін қабылдамау;
қалалық коммуналдық меншікке жатқызылған мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың басқару органдарының қызметіне қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және жеке тұлғалардың өздеріне берілген қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа)тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті түрде жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
Бөлім әзірлеуші болып табылатын әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін жүзеге асыруға және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.
14. Функциялары:
1) бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, қалалық бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті жүргізу, қалалық коммуналдық мүлікті, оның ішінде мемлекеттік акциялар пакеттерін, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлестерін басқару саласындағы уәкілетті орган ретінде әрекет етеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді;
3) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, оның мүліктік құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;
4) бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттің атқарылуы жөніндегі қызметін үйлестіреді;
5) Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес, төлемдер бойынша түсімдердің және қаржыландырудың жинақталған жоспарын, міндеттемелер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді;
7) міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарайды, төлемдер бойынша түсімдер және қаржыландырудың жинақталған жоспарына, міндеттемелер бойынша жинақталған жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
8) қалалық мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық жеке қаржыландыру жоспарларының жалпы сомасының түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының және айлар бойынша сомасына сәйкестігіне тексеру жүргізеді;
9) шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және облыс бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
10) төлемдердің уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін жоспарланған кезеңге арналған қолма-қол ақша ағындарының болжамын жасайды, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингін жүргізеді;
11) жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттердің түсуін есепке алуды жүзеге асырады, республикалық және облыстық нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп жасайды;
12) жоғары тұрған бюджеттерден түскен кредиттер мен қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, кредиттерді, қарыздарды және олар бойынша сыйақыларды жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асырады;
13) өткен қаржы жылы үшін толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асырады;
14) қаланың бағдарламалар әкімшілерінің қалыптасқан кредиторлық және дебиторлық берешегін есепке алуды және талдауды жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша жедел және нақтыланған есептерді жасайды;
15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын келісімдейді;
16) корпоративтік есеп айырысу карточкасын қолдана отырып есеп айырысуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемелерге ағымдағы шот ашуға рұқсат береді;
17) қалалық бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қалыптастыратын есептік деректер негізінде қала бюджетінің кіріс бөлігіне талдауды жүзеге асырады;
18) бюджет қаражаттарын басқару бойынша жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру үшін анық және толық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;
19) қала әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау бойынша қаланың жергілікті уәкілетті органынажәне облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша уәкілетті орган мен ішкі бақылау бойынша уәкілетті органға қала бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
20) облыстық тексеру комиссиясына және қалалық мәслихатынақалалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге ұсынады;
21) бюджеттік заңмамада белгіленген бюджет есептемесінің басқа да түрлерін жасайды;
22) әкімшілендірілетін төлемдер бойынша қала бюджетіне артық (қате) төленген сомаларды есептеуді немесе қайтаруды жүзеге асырады;
23) резервтегі ақшаның пайдалануы туралы және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы ақпаратты әкімдікке ай сайын жібереді;
24) қала әкімдігінің шұғыл шығындарына арналған резервте көзделген қаражат шегінде ақша бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді;
25) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін қала әкімдігі белгілеген мөлшерде дивидендтер (кірістер) төлеуге жіберу үшін, акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
26) өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асырады, оны қорғау бойынша шаралар қабылдайды;
27) қала әкімдігінің атынан қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты қалалық коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
28) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті бекітеді;
29) мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
30) тиісті саланың қалалық уәкілетті органымен келісім бойынша қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың өз шаруашылық қызметі нәтижесінде берілген, сатып алынған, артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды немесе қайта бөлуді шешеді және жүзеге асырады;
31) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүлкін есептен шығаруды заңнамада белгіленген тәртіппен келіседі;
32) қала әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік үлестерін және акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқарады;
33) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен бекітілген мәселелер тізбесі бойынша қала әкімдігі атынан мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдердің жобаларын келіседі;
34) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, жарғылық капиталға қатысу үлестерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны, қала әкімдігі атынан мемлекет қатысатын қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына, немесеқала әкімдігі атынан мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді жүзеге асырады;
35) қала әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін қалалық коммуналдық мүліктің құрамына сатып алуды жүзеге асырады;
36) мүлікті (құны он мың айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен асатын мүлікті, заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) қабылдау туралы шешім қабылдайды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша мүлікті қалалық коммуналдық мүліктің құрамына қабылдауды ұйымдастырады;
37) қалалық коммуналдық мүлікті (құны айлық есептік көрсеткіштің он мың мөлшерінен асатын мүлікті, қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) облыстық коммуналдық мүліктің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
38) қалалық коммуналдық мүлікті (қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қоспағанда) пайдалану туралы, оның ішінде оны заңнамаға сәйкес өтеусіз пайдалануға, мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
39) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды іске тартады, иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындайды, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындауды және шарт жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
40) қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) өтеусіз пайдалануға, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне меншікке өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
41) сатып алу-сату, өтеусіз пайдалану, мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару шарттарын жасасады және шарттар талаптарының (тұрғын үй қорынан басқа)сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
42) коммуналдық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
43) қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын бекітеді, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
44) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, сонымен қатар, қала әкімдігі белгілеген бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;
45) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;
46) конкурстық комиссияны (аукциондық комиссияны) белгілейді және бекітеді;
47) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігінің жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы алған адамдарды тіркеу журналына мәліметтері енгізілген мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан тапсырыс берушіге ұсыныстар мен ескертулер жібереді;
48) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап-арыздарды жібереді;
49) қаланың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары бойынша мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асырады;
50) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді;
51) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Бөлімге басшылық етуді, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
17. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген оның құзыретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;
мекеменің құзыретіне енетін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады:
бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін білдіреді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктерін орындау, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол болмаған кезеңде, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкi
18. Заңнамада көзделген жағдайларда, Бөлімнің жедел басқару құқығында жекелеген мүлкі болуы мүмкін.
Бөлімнің мүлкі, оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай шығыстарды қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
19. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
20. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.