Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық – атқару кодексінің 18 - бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 - тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
4. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.
Көкпекті ауданының әкімі | Р. Сейтканов |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 20___ жылғы "__"_________ №___ қаулысына 1 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квота мөлшері
№ |
|
|
| |
|
| |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Самар агро-техникалық колледжі" коммуналды мемлекеттік мекеме | 67 | 1 | 1 |
Барлығы | 67 | 1 | 1 |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 20___ жылғы "__"_________ №___ қаулысына 2 қосымша |
Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квота мөлшері
№ |
|
|
| |
|
| |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Мәмбет" шаруа қожалығы | 115 | 2 | 2 |
115 | 2 | 2 |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 20 ___ жылғы "__"_________№ ___ қаулысына 3 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квота мөлшері
№ |
|
|
| |
|
| |||
1 | 2 | 3 | 4 | 1 |
1 | "Мәмбет" шаруа қожалығы | 115 | 2 | 2 |
115 | 2 | 2 |