2022 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 11 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық – атқару кодексінің 18 - бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 - тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 - бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. "Көкпекті ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.

      Көкпекті ауданының әкімі Р. Сейтканов

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
20___ жылғы "__"_________
№___
қаулысына 1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квота мөлшері

 
Ұйымныңатауы

 
Жыл басындағы жұмыскер лердің тізімдік саны

 
Белгіленген квота мөлшері

 
Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

 
жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Самар агро-техникалық колледжі" коммуналды мемлекеттік мекеме

67

1

1


Барлығы

67

1

1

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
20___ жылғы "__"_________
№___
қаулысына 2 қосымша

Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квота мөлшері

 
Ұйымныңатауы

 
Жыл басындағы жұмыскер лердің тізімдік саны

 
Белгіленген квота мөлшері

 
Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

 
жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

1

"Мәмбет" шаруа қожалығы

115

2

2



115

2

2

  Көкпекті ауданы әкімдігінің 20
___ жылғы "__"_________№ ___
қаулысына 3 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 2022 жылға квота мөлшері

 
Ұйымныңатауы

 
Жыл басындағы жұмыскер лердің тізімдік саны

 
Белгіленген квота мөлшері

 
Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

 
жұмыс орындарыныңсаны (бірлік)

1

2

3

4

1

1

"Мәмбет" шаруа қожалығы

115

2

2



115

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады