Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 29.09.2023 № 7/15-VIII шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шемонаиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Шемонаиха аудандық мәслихатының "Шемонаиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 20/3-V шешiмiнің (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3339 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 17/3-VII шешімімен бекітілген |
Шемонаиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шемонаиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Шемонаиха ауданы әкімдігінің сайтында орналастырумен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушыларымен ұсынылған ауыл, шағын аудан, көше тұрғындары өкілдерінің келесі кандидатуралары айқындалсын:
Шемонаиха қаласы бойынша көшеден 1 адам, шағын ауданнан 3 адам санында;
кенттер және ауылдық округтер бойынша учаскеден 2 адам санында.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өткізілген күні тиісті аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.