Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 13.04.2022 № 17/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шемонаиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Серохвостова |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Ә. Баяндинов |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 20/3 - V шешімімен бекітілген |
Шемонаиха ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шемонаиха ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Шемонаиха ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын (бұдан әрі –бөлек жиын) өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Шемонаиха ауданының қала, кенттер, ауылдық округтер аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шақырады.
Шемонаиха ауданы әкімнің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағиданың қосымшасына сәйкес санына байланысты бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шемонаиха ауданының қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Шемонаиха ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй
тұрғындары өкілдерінің саны
Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам) | Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
500 – ге дейін | 2 – ге дейін |
500 – ден 1000 – ға дейін | 2-4 |
1000 – нан 1500 – ге дейін | 4-6 |
1500 – ден 2000 – ға дейін | 6-8 |
2000 – нан 2500 – ге дейін | 8-10 |
2500 – ден жоғары | 10-12 |