"Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 125 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ғ.Есқалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
"___"____________ №_____
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру, облыстық бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 45.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) облыстың бюджет саясатының негізгі басымдықтарын бюджеттік жоспарлау және қалыптастыру;

      2) жергілікті бюджеттің атқарылу барысын ұйымдастыру, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік және бюджеттік есепті, қаржылық және бюджеттік есептілікті жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1-1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратады және алады;

      1-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      1-3) сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тартады;

      1-4) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бюджеттiк инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру шараларын іске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;

      1-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы өзге де құқықтарды жүзеге асырады;

      1-6) Басқарма өзінің құзыретіне кірмейтін қызметпен айналысуға құқылы емес.

      2) міндеттері:

      2-1) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихат шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыстың бюджеттік комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешімдер қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды уақытша тоқтатады;

      2-2) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат ұсынады;

      2-3) "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлейді;

      2-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару саласындағы өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің негізгі параметрлерін, жоспарлы кезеңге арналған облыс бюджетінің жобасын әзірлеу;

      2) аумақтық салық органымен бірлесіп, жергілікті бюджетке кірістерді болжау;

      3) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстар көлемдерін болжау;

      4) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар әзірлеу;

      5) жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджетті бекiту, нақтылау туралы облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасын әзiрлеу және оны облыстың бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну;

      6) тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту, нақтылау туралы облыстық мәслихат сессиясының шешімін іске асыру жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

      7) үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;

      8) бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік қамтамасыз ету;

      9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындыларын қарау және әзірлеу;

      10) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      11) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы iске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемелері бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу;

      12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға сараптамаға жіберу;

      13) жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаның сараптамасы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына қорытынды дайындау;

      14) тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде конкурстық құжаттама бойынша және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүймелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

      15) бюджеттік комиссия мақұлдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін және консультациялық сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру;

      16) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және жүргізуді жүзеге асырады;

      17) облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады;

      18) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ететін түсімдер бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызу процесіне қатысады;

      20) бюджет ақшасын басқаруды ұйымдастырады;

      21) төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін:

      бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

      облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізеді;

      22) міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауды жүзеге асырады;

      23) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат береді;

      24) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады;

      25) бюджеттік есепке алуды жүзеге асырады;

      26) ай сайын және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен көзделген есептерді береді;

      27) ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді;

      28) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылындағы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың мемлекеттік жоспарлау органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;

      29) уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімді жасайды;

      30) бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      30-1) жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шартқа, кредиттік шартқа қосымша келісімге қол қояды және тіркейді;

      31) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірдің бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыруы шеңберінде облыс әкімдігіне ақпарат ұсынады;

      32) жергілікті атқарушы органның резервінен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің шұғыл шығыстарына, қолма-қол ақшасының тапшылығын жабуға қаражат бөлу туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімдері жобаларына қорытындылар әзірлеу;

      33) жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхатты қарастыру;

      34) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығаруға, орналастыруға, айналысқа қосуға, қызмет көрсетуге және өтеуге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;

      35) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.03.2024 № 62 қаулысымен.

3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) Басқарма басшысы орынбасарларының, бөлім басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      4) Басқарма қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      6) Басқарма бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      9) өз құзыреті шегінде гендерлік саясат мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағытта дербес жауапты болады;

      10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
"___"____________ №_____
қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №245 "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы;

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №245 "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 16 қаңтардағы №2 қаулысы;

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №245 "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 12 маусымдағы №143 қаулысы;

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы №245 "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 4 қыркүйектегі №203 қаулысы.

Об утверждении положения государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 30 июня 2022 года № 125.

      Руководствуясь статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" и в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года №590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить положение государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление финансов Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;

      2) принятие иных мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Отменить некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Каюпова Т.Е.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Г.Искалиев

  Утверждено
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от "__ " _______ 2022 года №__

Положение о государственном учреждении
"Управление финансов Западно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление финансов Западно-Казахстанской области" (далее-Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах государственного управления в области реализации системы государственного планирования, исполнения областного бюджета, ведения бухгалтерского и бюджетного учета, финансовой и бюджетной отчетности.

      2. Управление ведомства не имеет.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управление и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии законодательством.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 090000, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Ж. Досмухамедова, 45.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия Управления

      13. Задачи:

      1) бюджетное планирование и формирование основных приоритетов бюджетной политики области;

      2) организация процесса исполнения местного бюджета, ведения бухгалтерского и бюджетного учета, финансовой и бюджетной отчетности по исполнению местного бюджета

      3) осуществление иных задач в сфере бюджетного планирования и исполнения бюджета, которые возложены на Управление согласно законодательством Республики Казахстан.

      14. Полномочия:

      1) права:

      1-1) в пределах своей компетенции запрашивает и получает от государственных органов и иных организаций необходимую информацию и материалы для выполнения задач, возложенных на Управление;

      1-2) в пределах своей компетенции вносить предложения по вопросам создания, реорганизации, а также ликвидации организаций с участием государства;

      1-3) привлекать для проведения экспертиз и консультаций специалистов центральных и местных исполнительных органов, а также независимых экспертов;

      1-4) вносить в местный исполнительный орган области предложения по реализации мер эффективного осуществления бюджетных инвестиций;

      1-5) осуществляет иные права в сфере бюджетного планирования и исполнения бюджета, которые возложены на Управление согласно законодательством Республики Казахстан;

      1-6) Управление не вправе заниматься деятельностью, не входящей в его компетенцию.

      2) обязанности:

      2-1) на основании предложений бюджетной комиссии области об изменении и дополнении в решение областного маслихата об областном бюджете приостанавливает операции по бюджетным программам, по которым принято решение о сокращении бюджетных средств;

      2-2) представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом юридических и физических лиц;

      2-3) разрабатывать проекты актов акимата и акима области по вопросам, входящим в компетенцию государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области"

      2-4) осуществляет иные обязанности в сфере бюджетного планирования и исполнения бюджета, которые возложены на Управление согласно законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) разработка основных параметров бюджета области на трехлетний период, проекта областного бюджета на плановый период;

      2) прогнозирование доходов в местный бюджет совместно с территориальным налоговым органом;

      3) прогнозирование объемов расходов по администраторам областных бюджетных программ;

      4) рассмотрение бюджетных заявок администраторов областных бюджетных программ и подготовка по ним заключения;

      5) разработка проекта решения областного маслихата по утверждению, уточнению областного бюджета на плановый период и представление его на рассмотрение бюджетной комиссий области;

      6) разработка проекта постановления акимата области о реализации решения областного маслихата об утверждении, уточнений областного бюджета на соответствующий финансовый год;

      7) разработка проекта решения областного маслихата об объемах трансфертов общего характера между областным бюджетом и бюджетом района (города областного значения) на трехлетний период;

      8) методологическое обеспечение процессом бюджетного планирования;

      9) рассмотрение и подготовка экономических заключений местных бюджетных инвестиционных проектов;

      10) проведение мониторинга реализации бюджетных инвестиций за счет средств местного бюджета;

      11) подготовка экономического заключения по финансово-экономическому обоснованию бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия в уставном капитале юридических лиц;

      12) направление конкурсной документации проектов государственно-частного партнерства на экспертизу юридическому лицу, определенным местным исполнительным органом;

      13) подготовка заключения на концепцию проекта государственного-частного партнерства на основании экспертизы юридического лица, определенного местным исполнительным органом;

      14) на основании соответствующих экспертиз и согласований формирование заключений по конкурсной документации и на оказание услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства и внесение их на рассмотрение бюджетной комиссии;

      15) формирование перечня проектов государственно-частного партнерства и перечня услуг по консультативному сопровождению, одобренных бюджетной комиссией;

      16) осуществляет составление, утверждение и ведение сводного плана финансирования по обязательствам, сводного плана поступлений и финансирования по платежам по областному бюджету;

      17) осуществляет внесение изменений и дополнений в сводный план финансирования по обязательствам, сводный план поступлений и финансирования по платежам по областному бюджету;

      18) осуществляет организацию исполнения бюджета и координацию деятельности администраторов бюджетных программ по исполнению бюджета;

      19) в соответствии с законодательством Республики Казахстан участвует в процессе возврата из бюджета и (или) зачета излишне (ошибочно) уплаченных сумм поступлений по администрируемым поступлениям;

      20) организует управление бюджетными деньгами;

      21) для обеспечения своевременности и полноты проведения платежей:

      составляет прогноз потоков наличности, который является процессом по определению ожидаемых объемов поступлений в бюджет и исполнения расходов на планируемый период, профицита (дефицита) наличности и источников его покрытия;

      проводит мониторинг движения денег на контрольном счете наличности областного бюджета;

      22) осуществляет регулярный и систематический сбор, отслеживание и анализ показателей исполнения бюджета, осуществляемые с целью выявления причин несвоевременного принятия обязательств, несвоевременного проведения платежей по бюджетным программам, составления прогнозов исполнения поступлений и расходов бюджета;

      23) по результатам бюджетного мониторинга ежеквартально и по итогам года направляет в акимат области аналитический отчет об исполнении местного бюджета, а также ежемесячно администраторам бюджетных программ информацию-напоминание о непринятых обязательствах по бюджетным программам в соответствии с планом финансирования по обязательствам и несвоевременном выполнении плана финансирования по платежам;

      24) составляет консолидированную финансовую отчетность в порядке, установленном центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета и представляет консолидированную финансовую отчетность в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;

      25) осуществляет ведение бюджетного учета;

      26) ежемесячно и по итогам года представляют отчеты, предусмотренные Бюджетным кодексом Республики Казахстан, в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета;

      27) ежемесячно по состоянию на первое число месяца, следующего за отчетным, представляет отчет об исполнении областного бюджета в акимат, ревизионную комиссию области, уполномоченный орган области по государственному планированию, уполномоченный орган по внутреннему государственному аудиту;

      28) не позднее 1 апреля года, следующего за отчетным, представляет годовой отчет об исполнении областного бюджета за отчетный финансовый год в акимат, уполномоченный орган области по государственному планированию и уполномоченный орган по внутреннему государственному аудиту;

      29) заключает Генеральное соглашение на перевод временно свободных бюджетных денег с центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета для размещения временно свободных бюджетных денег во вклады Национального Банка Республики Казахстан;

      30) осуществляет обслуживание бюджетного кредита;

      30-1) подписывает и регистрирует кредитный договор, дополнительное соглашение к кредитному договору при бюджетном кредитовании из местного бюджета;

      31) представляет информацию в акимат области в рамках осуществления центральным уполномоченным органом по исполнению бюджета оценки эффективности управления бюджетными средствами региона;

      32) подготовка заключений к проектам решений местного исполнительного органа области о выделении средств из резерва местного исполнительного органа на неотложные затраты, на покрытие дефицита наличности бюджетов районов (городов областного значения);

      33) рассмотрение ходатайства о выделении денег из резерва местного исполнительного органа области в случаях возникновения чрезвычайных ситуаций, природного и техногенного характера местного масштаба, а также проведение мероприятий по обеспечению правового режима чрезвычайного положения;

      34) организует и проводит работы по вопросам, касающимся выпуска, размещения, обращения, обслуживания и погашения государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке для финансирования строительства жилья в рамках реализации государственных и правительственных программ;

      35) осуществляет иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 19.03.2024 № 62.

3. Статус, полномочия первого руководителя Управления

      16. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) организует и руководит работой Управления, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществления им своих функций;

      2) определяет обязанности и полномочия заместителей руководителя, руководителей отделов и работников Управления;

      3) ведет работу по противодействию коррупции и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;

      4) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должностей работников Управления;

      5) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи, наложения дисциплинарных взысканий на работников Управления;

      6) утверждает положения об отделах и должностные инструкции работников Управления;

      7) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      8) представляет Управление в государственных органах и иных организациях;

      9) проводит работу по вопросам гендерной политики в пределах своей компетенции и несет персональную ответственность в этом направлении;

      10) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;

      11) в соответствии с законодательством Республики Казахстан осуществляет и другие полномочия.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество Управления

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к постановлению акимата
Западно-Казахстанской области
от "__ " _______ 2022 года №__

Перечень утративших силу постановлений акимата Западно-Казахстанской области

      1. Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 августа 2016 года №245 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области";

      2. Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 16 января 2018 года №2 "О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 августа 2016 года №245 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области";

      3. Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 12 июня 2018 года №143 "О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 августа 2016 года №245 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области";

      4. Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 4 сентября 2020 года №203 "О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 5 августа 2016 года №245 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Западно-Казахстанской области".