"Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мен "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемелерін қайта құру туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 226 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік мекемелерді оңтайландыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіоған "Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен "Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін:

      1) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат саны;

      2) мемлекеттік мекеменің ережесі;

      3) өткізу актісі.

      3. Қайта құрылған мемлекеттік мекеме заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі басқа да қажетті шараларды қабылдасын.

      4.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.

      Облыс әкімі Ғ. Есқалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
19 қазандағы № 226 қаулысымен
бекітілді

"Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) облыстың ішкіжәне жастар саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың мынадай ведомстволары бар:

      1) "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3)Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Жайық Пресс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3.Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесібасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіның құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 үй.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттердіорындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармада заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2.Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13.Мақсаттары:

      1) облыс тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты жүзеге асыру;

      2) облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      3)этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      14.Өкілеттіктері:

      1)құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрау, Басқарманың құзырына кіретін мәселелерді пысықтау үшін мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу, Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғаларға Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

      тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Басқарманың қызмет саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

      2)міндеттері:

      өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;

      облыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімі және әкімдігінің, Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      ішкі саясат саласындағы өңірлік маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

      өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      өңірдегі ішкі саяси процестерді және олардың даму үрдістерін зерделеу мен оларға талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

      азаматтық қоғам институттарымен, өңір жұртшылығы өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мен Сессиясының кезекті отырысына материалдар дайындауды ұйымдастыру және отырыста әзірленген ұсынымдарды жүзеге асыру, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің өкімдері мен шешімдерінің және облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету;

      Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының негізгі қызметі бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды және жоғары тұрған органдарға уақтылы әрі сапалы жолдануын жүзеге асыру;

      жариялануға жататын мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктің нормативтік құқықтық қаулылары мен облыс әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялауды жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу;

      2) ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге бағытталған практикалық және өзге де іс-шаралар кешенін іске асыру;

      3) өңірдегі ірі қоғамдық-маңызды іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

      4)қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту және әлеуметтік шиеленіс ошақтарына жол бермеу, мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылының сапасын арттыру бойынша басқарушылық шешім қабылдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу;

      5)этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласындағы шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға қатысу;

      6)этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдарды әзірлеп, практикалық шараларды жүзеге асыру;

      7) Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру мен насихаттау жөніндегі республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық топтардың өңірдегі қызметін ұйымдастыру, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;

      8) саяси партиялармен, үкіметтік емес, жастар, этномәдени және басқа да қоғамдық ұйымдармен, құқық қорғау, кәсіптік одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ғылыми және шығармашылық қауымдастықтармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

      9) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің (әкімдігінің) жанындағы кеңесші органдар мен жұмыс топтарын материалдармен қамтамасыз ету;

      10) өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға талдау жасау және болжамдау;

      11) облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне жастарды тарту бойынша және жастардың азаматтық жауапкершілігі мен патриотизмін дамыту бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      12)мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

      13)Басқарманың құзыреттері шегінде гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      14)әлеуметтік маңызды жобаларды орындауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық рәсімдер мен жобалардың іске асырылу барысына мониторинг жүргізу;

      15)концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;

      16) жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихатпен, облыс әкімінің аппаратымен Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      17) қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылау саласындағы жаңа жұмыс бағыттарын дамытуға қолдау көрсету;

      18)мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал ету жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу;

      19)коммерциялық емес ұйымдардың, Батыс Қазақстан облысы аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуын бақылауды жүзеге асыру;

      20) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

      21) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаларға қатысты талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу;

      22) мемлекеттік мерекелерге, атаулы оқиғаларға және тарихи күндерге арналған іс-шараларға орайластырылған әлеуметтік жарнаманың орналастырылуын және сыртқы безендірілуін қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру;

      23) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап-қорыту және жіктеу;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың құрылымдық бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.

      3) Басқарма қызметкерлерін жәневедомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      8) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;

      9) Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды.

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О реорганизации государственных учреждений "Управление по вопросам молодежной политики Западно-Казахстанской области" и "Управление внутренней политики Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 19 октября 2022 года № 226

      Руководствуясь Гражданским кодексом Республики Казахстан,Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", в целях оптимизации государственных учреждений, акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать государственное учреждение "Управление внутренней политики Западно-Казахстанской области" путем присоединения к нему государственного учреждения "Управление по вопросам молодежной политики Западно-Казахстанской области".

      2. Утвердить прилагаемое:

      1) структура и штатная численность государственного учреждения;

      2) Положение государственного учреждения;

      3) передаточный акт.

      3. Реорганизованное государственное учреждение в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию государственного учреждения в органах юстиции;

      2) принять другие необходимые меры по реализации настоящего постановления.

      4.Признать утратившими силу некоторые постановления акимата Западно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему постановлению.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Западно-Казахстанской области Б.Х.Нарымбетова.

      Аким области Г.Искалиев

  Утверждена
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 19 октября 2022 года № 226

Положение

о государственном учреждении

"Управление общественного развития Западно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление общественного развития Западно-Казахстанской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах внутренней и молодежной политики области.

      2. Управление имеет следующие ведомства:

      1)Коммунальное государственное учреждение "Қоғамдық келісім" Управления общественного развития акимата Западно-Казахстанской области;

      2) Коммунальное государственное учреждение "Региональная служба коммуникаций" Управления общественного развития акимата Западно-Казахстанской области;

      3) Коммунальное государственное учреждение "Ресурсный центр по работе с молодежью "Управления общественного развития акимата Западно-Казахстанской области;

      4)Товарищество с ограниченной отвственностью "Жайық Пресс".

      3.Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управления общественного развития" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управления общественного развития Западно-Казахстанской области" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 090000, Западно-Казахстанская область, город Уральск, улица Ж. Молдагалиева, дом 19.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) осуществление общественно-политической стабильности путем формирования социального настроения населения области, развития и поддержки институтов гражданского общества и повышения конкурентоспособности информационного пространства региона;

      2) Реализация государственной молодежной политики на территории области;

      3) Участие в формировании и реализации государственной политики в сфере межэтнических отношений, осуществление межотраслевой координации в сферах деятельности, относящихся к компетенции Управления.

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, необходимую для выполнения своих функций, привлекать работников государственных органов и иных организаций для проработки вопросов, входящих в компетенцию Управления, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;

      осуществлять подготовку информационно-аналитических и иных материалов по вопросам, относящимся к ведению управления, вносить акиму области предложения по совершенствованию организации деятельности государственных органов в сфере внутренней политики;

      оказание организационно-методической, информационной и иной помощи государственным органам и должностным лицам по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      давать поручения соответствующим государственным органам и должностным лицам, касающиеся сферы деятельности Управления, контролировать их исполнение, а также участвовать в мероприятиях, проводимых центральными и местными исполнительными органами;

      2) обязанности:

      реализация государственной политики по обеспечению внутриполитической стабильности, единства народа и консолидации общества в регионе;

      координация деятельности местных исполнительных органов региона по реализации ключевых приоритетов государственной политики в социально-экономической, культурной и общественно-политической сферах;

      реализация государственной молодежной политики Республики Казахстан в области;

      обеспечение выполнения правовых актов и поручений Президента и Правительства Республики Казахстан, акима и акимата области по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      координация работы по разработке и реализации программных документов регионального значения в сфере внутренней политики;

      выработка практических рекомендаций по организации в регионе работы в сфере внутренней политики, предложений по эффективной реализации долгосрочных приоритетов развития Казахстана;

      обеспечение изучения и анализа внутриполитических процессов в регионе и тенденций их развития;

      взаимодействие с институтами гражданского общества, представителями общественности региона;

      организация подготовки материалов к очередным заседаниям сессий, совета ассамблеи народа Казахстана Западно-Казахстанской области и выполнения выработанных ими рекомендаций, а также распоряжений, решений акима области и постановлений акимата области по курируемым вопросам;

      осуществление контроля исполнения документов по основной деятельности секретариата ассамблеи народа Казахстана Западно-Казахстанской области, за качественным и своевременным отправлением информаций в вышестоящие органы;

      осуществление официального опубликования нормативных правовых решений маслихатов, нормативных правовых постановлений акимата и нормативных правовых решений акима области подлежащих публикованию.

      15. Функции:

      1) информационно-идеологическое сопровождение деятельности местных исполнительных органов региона по ключевым направлениям внутренней политики, в том числе по вопросам реализации государственной политики в области образования, здравоохранения, социального обеспечения и защиты населения, занятости, межэтнического и межконфессионального согласия, патриотического воспитания и молодежной политики, пропаганды государственных символов, в языковой, информационной, культурной, гендерной и семейно-демографической сферах;

      2) реализация комплекса практических и иных мер, направленных на обеспечение внутриполитической стабильности, единства народа и консолидации общества;

      3) информационно-аналитическое и организационно-техническое сопровождение крупных общественно-значимых мероприятий в регионе;

      4) выработка практических рекомендаций для принятия управленческих решений по укреплению общественно-политической стабильности и эффективной реализации государственной молодежной политики, повышению качества взаимодействия государственных органов и гражданского сектора;

      5) содействует в разработке и реализации государственной политики в сфере межэтнических отношений, также участвует в разработке и реализации мер в сфере межэтнической толерантности и общественного согласия, развития государственного языка и других языков народа Казахстана;

      6) вырабатывает рекомендации и реализовывает практические меры по урегулированию разногласий и споров, недопущению конфликтных ситуаций в сфере межэтнических отношений;

      7) организация в регионе деятельности информационных групп республиканского и регионального значения по разъяснению и пропаганде ежегодных Посланий Президента народу Казахстана и других стратегических документов, информационно-методическое обеспечение;

      8) осуществление взаимодействия с политическими партиями, неправительственными, молодежными, этнокультурными и другими общественными организациями, правоохранительными органами, профессиональными союзами, средствами массовой информации, научными и творческими сообществами, лидерами общественного мнения;

      9) обеспечение совещательных органов и рабочих групп, действующих при акиме (акимате) области материалами по вопросам, входящим компетенцию Управления;

      10) анализ и прогнозирование общественно-политической ситуации в регионе;

      11) координация работы по вовлечению молодежи в социально-экономическую и общественно-политическую жизнь области и по развитию гражданской ответственности и патриотизма молодежи;

      12) обеспечить проведения мониторинга и оценки потребностей молодежи для повышения эффективности реализации государственной молодежной политики;

      13) реализация гендерной и семейно-демографической политики в пределах компетенций Управления;

      14) обеспечение эффективной реализации государственного социального заказа на выполнение социально значимых проектов, в том числе проведение конкурсных процедур и мониторинг хода реализации проектов;

      15) участие в разработке концептуальных документов, подготовке и экспертизе проектов, актов акима области по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      16) взаимодействие с вышестоящими государственными органами, Парламентом, маслихатами, аппаратом акима области по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      17) содействие развитию новых направлений работы в области благотворительности, медиации и общественного контроля;

      18) организация работы государственных органов по популяризации государственных символов и проведение мониторинга за соблюдением законодательства Республики Казахстан в этой сфере;

      19) осуществление контроля за своевременным представлением, а также за достоверным представлением сведений некоммерческих организаций, филиалов представительств (обособленными подразделениями) иностранных и международных некоммерческих организаций, осуществляющих деятельность на территории Западно-Казахстанской области, в уполномоченные органы в сфере взаимодействия с неправительственными организациями сведений о своей деятельности, в том числе о своих учредителях (участниках), составе имущества, источниках формирования и направлениях расходования денег;

      20) осуществляет государственную информационную политику в соответствии с Законом Республики Казахстан "О средствах массовой информации";

      21) мониторинг соблюдения требований, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О средствах массовой информации", а также в отношении рекламы, распространяемой через средства массовой информации;

      22) обеспечение и осуществление контроля за размещением социальной рекламы и наружного оформления, приуроченных к мероприятиям, посвященным государственным праздникам, памятным событиям и историческим датам;

      23) формирование, накопление, обобщение и классификация информационной базы данных по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      24) осуществление иных функций, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) определяет обязанности и полномочия руководителей структурных подразделений Управления;

      2) ведет работу по противодействию коррупции и несет персональную ответственность за работу в этом направлении;

      3) назначает и освобождает от должностей работников Управления и руководителей подведомственных организаций;

      4) в установленном законодательством порядке осуществляет поощрение, оказание материальной помощи и наложение дисциплинарного взыскания сотрудников Управления и руководителей подведомственных организаций;

      5) утверждает положения о структурных подразделениях и должностных инструкции сотрудников Управления;

      6) в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      7) представляет управление в государственных органах, иных организациях в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      8) в установленном порядке решает вопросы финансово-экономической и хозяйственной деятельности, контролирует рациональное и целевое исполнение бюджетных средств;

      9) контролирует ход разработки нормативных правовых актов, проектов программ и других документов по вопросам, входящим в компетенцию Управления;

      10) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20.Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением относится к коммунальной собственности.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.