БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерде:
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Ұлттық әскери-патриоттық орталық";
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Орталық ансамбль";
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Филиалдың эстрадалық-би тобы";
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Репетиторлық көрсетілетін қызмет";
5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-параграф. Орталық әскери оркестр";
6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-параграф. Филиалдың әскери оркестрі";
мынадай мазмұндағы 2-тараумен толықтырылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік әскери-тарихи музей
Р/с № | Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы | Өлшем бірлігі | Өлшем бірлігінің құны, теңге |
1. | Кіру билеті | ||
Ересек адамдарға | 1 билет | 500 | |
Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 300 | ||
Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 200 | ||
2. | Ұжыммен бару үшін экскурсия (5-тен 20 адамға дейінгі топта) | ||
Ересек адамдарға | 1 билет | 600 | |
Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 400 | ||
Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) | 250 | ||
3. | Кіру билеті (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) ҰОС, Ауған соғысының ардагерлері және оған теңестірілгендер; Денсаулыққа байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдар; 7 жасқа дейінгі балалар; Әскери қызметшілер; Көпбалалы отбасы |
|
|
4. | Біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар, тренингтер өткізу, сондай-ақ жоғары және орта оқу орнының студенттері, кино және теледидар, бұқаралық ақпарат құралының қызметкерлері, сондай-ақ әртүрлі фото және бейнеөнімді шығару, сұхбат пен телевизиялық бағдарламаны жазу кезінде консультант ретінде қатысуды қоса алғанда, басқа да мүдделі адамдар үшін білікті ғылыми консультация беру; | 1 сағат | 30000 |
5. | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейі (бұдан әрі кестеде – ҚР ҚК МӘТМ) залдарының тақырыбы бойынша дәріс | 1 дәріс | 2000 |
Көшпелі дәрістер | 1 дәріс | 4000 | |
6. | Жеке және заңды тұлғалар үшін көшпелі көрмені ұйымдастыру және өткізу | ||
ҚР ҚК МӘТМ көрме павильонында СК экранмен, жарықтандырғышпен жарақтандырылған аспалы шатыры бар көшпелі көрме | 1 көрме* | 200000 | |
көрме павильонынсыз көшпелі көрме | 1 көрме* | 100000 | |
7. | Ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша көрсетілетін қызмет | 1 ғылыми жоба | 120000 |
8. | Музей экспозицияларын жасау бойынша көрсетілетін қызмет | 1 экспозиция | 195000 |
9. | Экспонаттарды суретке-, бейнетүсіру, ҚР ҚК МӘТМ қорынан құжаттардың көшірмесін жасау | Санат | |
Қолдану құқығымен бір экспонатты (құжатты) суретке түсіру, көшіру және сканерлеу: | |||
1* | 2* | ||
баспасөз басылымында жариялау құқығынсыз оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін | 1500 | 2000 | |
оқу және оқу-әдістемелік басылым үшін | 2000 | 3000 | |
ғылыми басылымда жариялау үшін | 3000 | 5000 | |
көрмеде қолдану үшін экспонаттың фотосуреті | 4000 | 7000 | |
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін | 4000 | 15000 | |
ғылыми-танымдық және көркем басылымда, альбомда, каталогта жариялау үшін | 7500 | 18000 | |
күнтізбені, ашық хатты, плакатты, жарнаманы жариялау үшін | 10000 | 32000 | |
ҚР ҚК МӘТМ қорындағы бір экспонатты суретке және бейнетүсіру (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратымен және бейнекамерасымен) | |||
оқу бағдарламасы үшін | 1975 | 12945 | |
жарнама үшін | 11945 | 12475 | |
өзге де мақсаттар үшін | 13975 | 35750 | |
10. | ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында суретке-, бейнетүсіру | ||
ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында келушілер үшін дөңгелек шамды қоспағанда, штативсіз, қосымша жарықтандыру аспабынсыз әуесқойлық бейне-, суретке түсіру (өзінің бейнекамерасымен, фотоаппаратымен, мобильді телефонымен) |
| 1000 | |
ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында кәсіби суретке түсіру (жеке фотоаппаратпен, қосымша жабдықпен және тапсырыс берушінің заттарымен) – А-дан G*-ге дейін күрделілік деңгейі әртүрлі цифрлық фотосуретті орындау | 1 сағат | 1250 – 15000 | |
11. | ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында түсірілімнің түріне* байланысты кәсіби бейне-, теле-, кинотүсірілім | Жобаның түрі, құны | |
коммерциялық | шетелдік | ||
бағдарламалық, ақпараттық (1 сағат) | 17750 | 23750 | |
деректі фильм (1 сағат) | 35500 | 47000 | |
көркем фильм (1 сағат) | 62500 | 100000 | |
12. | Кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу | ||
көлемі 3,5см х 3,5см баспасөз төсбелгісі | 1 дана | 500 | |
қабырғаға ілінетін күнтізбе | 1 дана | 1000 | |
экспонат, тарихи және мәдени мұра объектісі, Қазақстан қалаларының көрікті жері бейнеленген магнит | 1 дана | 1500 | |
13. | Басқа музейлердің қорынан (құқық иесінің рұқсатымен) диорама, макет, модель, бұйым мен экспонаттың көшірмелерін, сондай-ақ жеке коллекциядан көркем бұйым жасау бойынша көрсетілетін қызмет: | ||
күрделі емес реконструкция | 1 шаршы сантиметр | 15000 | |
күрделілігі орташа реконструкция | 25000 | ||
күрделі реконструкция | 40000 | ||
14. | Басқа музейлердің қорынан бұйым мен экспонатты және жеке коллекциялардағы көркем бұйымды реставрациялау | ||
матадан жасалған бұйым, кілем-киіз бұйымы, былғары, станокты кескіндеме, қағаз негіздегі жұмыс: |
| ||
күрделі емес реставрациялау (үзілген жерді желімдеу, тесілген жерді толтыру, майысқан жерді жою | 2000 | ||
күрделілігі орташа реставрациялау (үзілген жерді желімдеу, тесілген жерді толтыру, майысқан жерді жою, дақтарды кетіру, химиялық өңдеу) | 5000 | ||
күрделі реставрациялау (негізді нығайту, жаңа негізге қайталау, негіз бен суреттің жоғалған фрагментін орындау) | 10 000 | ||
металдан, ағаштан, керамикадан, фарфордан және басқа материалдан жасалған бұйым | |||
күрделі емес реставрациялау | 1 шаршы сантиметр | 15000 | |
күрделілігі орташа реставрациялау | 25000 | ||
күрделі реставрациялау | 40000 | ||
15. | Оқыту үйірмесін, шеберлік сыныбын, квестіні, көркем студиясын ұйымдастыру және өткізу | 1 сағат | 1000 |
Ескертпе:
1. Көрме* – құнына экспонат пен жабдықты жалға алу, қажет болған жағдайда экспозиционерлер көрсететін қызмет кіреді, көшпелі көрмені ұйымдастыру үшін мүлікті тасымалдау шарт негізінде тапсырыс беруші есебінен жүзеге асырылады.
2. 1-санат* – қосымша қордың экспонаттары.
3. 2-санат* – негізгі қордың экспонаттары.
4. А* күрделілік деңгейі – алтын және күміс бұйымдарды суретке түсіру, құны 10075.
5. В* күрделілік деңгейі – күшті жарық әсерінен жойылатын заттар, құны 15000.
6. С* күрделілік деңгейі – көлемі 2,50х1,5 метрден асатын заттар, құны 6875.
7. D* күрделілік деңгейі – A2, A1 стандарты бойынша, сондай-ақ стандартты емес картина мен фотоқұжатты суретке түсіру, құны 6875.
8. E* күрделілік деңгейі – көркем фотосурет (стационарлық жарық, декорация), құны 4625.
9. F* күрделілік деңгейі – көшпелі сессия, құны 2425.
10. G* күрделілік деңгейі – техникалық фотосурет (арнайы дайындықсыз түсіру), құны 1250.
11. Түсірілімнің түріне байланысты* – төлем жасау кезінде түсіру тобының ҚР ҚК МӘТМ аумағында нақты болу уақыты есептеледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |