"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 692 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерде:

      1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Ұлттық әскери-патриоттық орталық";

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Орталық ансамбль";

      3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Филиалдың эстрадалық-би тобы";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Репетиторлық көрсетілетін қызмет";

      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Орталық әскери оркестр";

      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Филиалдың әскери оркестрі";

      мынадай мазмұндағы 2-тараумен толықтырылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік әскери-тарихи музей

Р/с №

Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің құны, теңге

1.

Кіру билеті



Ересек адамдарға

1 билет

500

Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

300

Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

200

2.

Ұжыммен бару үшін экскурсия (5-тен 20 адамға дейінгі топта)



Ересек адамдарға

1 билет

600

Студенттерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

400

Мектеп жасындағы балаларға және зейнеткерлерге (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде)

250

3.

Кіру билеті (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде) ҰОС, Ауған соғысының ардагерлері және оған теңестірілгендер; Денсаулыққа байланысты мүмкіндігі шектеулі адамдар; 7 жасқа дейінгі балалар; Әскери қызметшілер; Көпбалалы отбасы

 
1 билет

 
тегін

4.

Біліктілігін арттыру курстарын, семинарлар, тренингтер өткізу, сондай-ақ жоғары және орта оқу орнының студенттері, кино және теледидар, бұқаралық ақпарат құралының қызметкерлері, сондай-ақ әртүрлі фото және бейнеөнімді шығару, сұхбат пен телевизиялық бағдарламаны жазу кезінде консультант ретінде қатысуды қоса алғанда, басқа да мүдделі адамдар үшін білікті ғылыми консультация беру;

1 сағат

30000

5.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік әскери-тарихи музейі (бұдан әрі кестеде – ҚР ҚК МӘТМ) залдарының тақырыбы бойынша дәріс

1 дәріс

2000

Көшпелі дәрістер

1 дәріс

4000

6.

Жеке және заңды тұлғалар үшін көшпелі көрмені ұйымдастыру және өткізу



ҚР ҚК МӘТМ көрме павильонында СК экранмен, жарықтандырғышпен жарақтандырылған аспалы шатыры бар көшпелі көрме

1 көрме*

200000

көрме павильонынсыз көшпелі көрме

1 көрме*

100000

7.

Ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша көрсетілетін қызмет

1 ғылыми жоба

120000

8.

Музей экспозицияларын жасау бойынша көрсетілетін қызмет

1 экспозиция

195000

9.

Экспонаттарды суретке-, бейнетүсіру, ҚР ҚК МӘТМ қорынан құжаттардың көшірмесін жасау

Санат

Қолдану құқығымен бір экспонатты (құжатты) суретке түсіру, көшіру және сканерлеу:


1*

2*

баспасөз басылымында жариялау құқығынсыз оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы үшін

1500

2000

оқу және оқу-әдістемелік басылым үшін

2000

3000

ғылыми басылымда жариялау үшін

3000

5000

көрмеде қолдану үшін экспонаттың фотосуреті

4000

7000

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін

4000

15000

ғылыми-танымдық және көркем басылымда, альбомда, каталогта жариялау үшін

7500

18000

күнтізбені, ашық хатты, плакатты, жарнаманы жариялау үшін

10000

32000

ҚР ҚК МӘТМ қорындағы бір экспонатты суретке және бейнетүсіру (тапсырыс берушінің жеке фотоаппаратымен және бейнекамерасымен)



оқу бағдарламасы үшін

1975

12945

жарнама үшін

11945

12475

өзге де мақсаттар үшін

13975

35750

10.

ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында суретке-, бейнетүсіру



ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында келушілер үшін дөңгелек шамды қоспағанда, штативсіз, қосымша жарықтандыру аспабынсыз әуесқойлық бейне-, суретке түсіру (өзінің бейнекамерасымен, фотоаппаратымен, мобильді телефонымен)

 
саны шектеусіз

1000

ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында кәсіби суретке түсіру (жеке фотоаппаратпен, қосымша жабдықпен және тапсырыс берушінің заттарымен) – А-дан G*-ге дейін күрделілік деңгейі әртүрлі цифрлық фотосуретті орындау

1 сағат

1250 – 15000

11.

ҚР ҚК МӘТМ залында және ашық аспан астындағы әскери техника павильоны аумағында түсірілімнің түріне* байланысты кәсіби бейне-, теле-, кинотүсірілім

Жобаның түрі, құны

коммерциялық

шетелдік

бағдарламалық, ақпараттық (1 сағат)

17750

23750

деректі фильм (1 сағат)

35500

47000

көркем фильм (1 сағат)

62500

100000

12.

Кәдесый және полиграфиялық өнімді жасау және өткізу


көлемі 3,5см х 3,5см баспасөз төсбелгісі

1 дана

500

қабырғаға ілінетін күнтізбе

1 дана

1000

экспонат, тарихи және мәдени мұра объектісі, Қазақстан қалаларының көрікті жері бейнеленген магнит

1 дана

1500

13.

Басқа музейлердің қорынан (құқық иесінің рұқсатымен) диорама, макет, модель, бұйым мен экспонаттың көшірмелерін, сондай-ақ жеке коллекциядан көркем бұйым жасау бойынша көрсетілетін қызмет:



күрделі емес реконструкция

1 шаршы сантиметр

15000

күрделілігі орташа реконструкция

25000

күрделі реконструкция

40000

14.

Басқа музейлердің қорынан бұйым мен экспонатты және жеке коллекциялардағы көркем бұйымды реставрациялау



матадан жасалған бұйым, кілем-киіз бұйымы, былғары, станокты кескіндеме, қағаз негіздегі жұмыс:

 
1 шаршы сантиметр


күрделі емес реставрациялау (үзілген жерді желімдеу, тесілген жерді толтыру, майысқан жерді жою

2000

күрделілігі орташа реставрациялау (үзілген жерді желімдеу, тесілген жерді толтыру, майысқан жерді жою, дақтарды кетіру, химиялық өңдеу)

5000

күрделі реставрациялау (негізді нығайту, жаңа негізге қайталау, негіз бен суреттің жоғалған фрагментін орындау)

10 000

металдан, ағаштан, керамикадан, фарфордан және басқа материалдан жасалған бұйым



күрделі емес реставрациялау

1 шаршы сантиметр

15000

күрделілігі орташа реставрациялау

25000

күрделі реставрациялау

40000

15.

Оқыту үйірмесін, шеберлік сыныбын, квестіні, көркем студиясын ұйымдастыру және өткізу

1 сағат

1000

      Ескертпе:

      1. Көрме* – құнына экспонат пен жабдықты жалға алу, қажет болған жағдайда экспозиционерлер көрсететін қызмет кіреді, көшпелі көрмені ұйымдастыру үшін мүлікті тасымалдау шарт негізінде тапсырыс беруші есебінен жүзеге асырылады.

      2. 1-санат* – қосымша қордың экспонаттары.

      3. 2-санат* – негізгі қордың экспонаттары.

      4. А* күрделілік деңгейі – алтын және күміс бұйымдарды суретке түсіру, құны 10075.

      5. В* күрделілік деңгейі – күшті жарық әсерінен жойылатын заттар, құны 15000.

      6. С* күрделілік деңгейі – көлемі 2,50х1,5 метрден асатын заттар, құны 6875.

      7. D* күрделілік деңгейі – A2, A1 стандарты бойынша, сондай-ақ стандартты емес картина мен фотоқұжатты суретке түсіру, құны 6875.

      8. E* күрделілік деңгейі – көркем фотосурет (стационарлық жарық, декорация), құны 4625.

      9. F* күрделілік деңгейі – көшпелі сессия, құны 2425.

      10. G* күрделілік деңгейі – техникалық фотосурет (арнайы дайындықсыз түсіру), құны 1250.

      11. Түсірілімнің түріне байланысты* – төлем жасау кезінде түсіру тобының ҚР ҚК МӘТМ аумағында нақты болу уақыты есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
Р. Жақсылықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады