Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. 1-тармақтың алтыншы абзацының күші 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № А-12/555 қаулысына 1-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысымен бекітілген |
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | болу режимі 9 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету түріндегі топта | жарты күн болатын топта | ||
Қала | 18811 | 52 954 теңге | 48 687 теңге | 79 676 теңге | 95 955 теңге | 23 258 теңге |
Ауыл | 17400 | 59 111 теңге | 54 160 теңге | 89 938 теңге | 108 783 теңге | 25 994 теңге |
Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге) | ||||||
болу режимі 10,5 сағаттық топта | санаторлы топта | түзету түріндегі топта | ||||
Қала | 1496 | 55 019 теңге | 79 676 теңге | 95 955 теңге | ||
Ауыл | 155 | 61 693 теңге | 89 938 теңге | 108 783 теңге |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № А-12/555 қаулысына 2-қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | ||
3 жасқа дейін | 3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін | жарты күн болатын топта |
14 576,36 теңге | 17 805,80 теңге | 8 902,90 теңге |