"Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № А-12/555 қаулысы

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. 1-тармақтың алтыншы абзацының күші 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы Е.Рамазанов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ А-12/555 қаулысына
1-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі 9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

жарты күн болатын топта

Қала

18811

52 954 теңге

48 687 теңге

79 676 теңге

95 955 теңге

23 258 теңге

Ауыл

17400

59 111 теңге

54 160 теңге

89 938 теңге

108 783 теңге

25 994 теңге



Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

Қала

1496

55 019 теңге

79 676 теңге

95 955 теңге

Ауыл

155

61 693 теңге

89 938 теңге

108 783 теңге

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ А-12/555 қаулысына
2-қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін

жарты күн болатын топта

14 576,36 теңге

17 805,80 теңге

8 902,90 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады