Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26811 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағындағы 7-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 05.12.2023 № А-12/555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.03.2023 № А-2/68 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2022 № А-4/170 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев


  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

      Ескерту. Тапсырыс жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 25.02.2025 № А-2/107 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2025 бастап туындаған қатынастарға таралады) қаулысымен.

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

болу режимі 10,5 сағаттық топта

болу режимі 9 сағаттық топта

санаторлы топта

түзету түріндегі топта

жарты күн болатын топта

Қала

20819

56 327 теңге

51 911 теңге

83 983 теңге

100 831 теңге

24 884 теңге

Ауыл

18382

62 695 теңге

57 572 теңге

94 596 теңге

114 097 теңге

27 714 теңге


 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы бойынша ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 05.12.2023 № А-12/555 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 25.02.2025 № А-2/107 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін

жарты күн болатын топта

15 499 теңге

19 052 теңге

9 526 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады