Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің 26.03.2024 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 04 шілдегі № 01-28-312 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ:
1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылдық округінің Новомариновка ауыл аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
С.Валитова |